Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)

На нашем литературном портале можно бесплатно читать книгу Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ), Сагындык Алтынбекула-- . Жанр: Прочая старинная литература. Онлайн библиотека дает возможность прочитать весь текст и даже без регистрации и СМС подтверждения на нашем литературном портале bazaknig.info.
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
Название: Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
Дата добавления: 16 январь 2020
Количество просмотров: 102
Читать онлайн

Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) читать книгу онлайн

Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) - читать бесплатно онлайн , автор Сагындык Алтынбекула

Атамыз Алтынбек?лы Са?ынды? 1922 жылы ?ызылорда облысы, Шиелі ауданы, ?азіргі Балаби аулында туыл?ан. ?кесі о?у жасына жетпей-а?, шешесі 1936 ж. кайтыс бол?ан. Балалы? кезі, есею кезінде, ?мірді? таршылы?ын к?п к?рген. ?лы Отан со?ысынны? ардагері, б?кіл ?мірінде о?ытушы – ?стаз бол?ан. Мына о?ып отыр?ан «Бастап кешкен, к?з к?рген»деген атпен т?рбиелік м?ні бар ?нгімелер жина?ын да жаз?ан т?лімгер.

Внимание! Книга может содержать контент только для совершеннолетних. Для несовершеннолетних чтение данного контента СТРОГО ЗАПРЕЩЕНО! Если в книге присутствует наличие пропаганды ЛГБТ и другого, запрещенного контента - просьба написать на почту [email protected] для удаления материала

1 ... 73 74 75 76 77 78 79 80 81 ... 113 ВПЕРЕД
Перейти на страницу:

Ұмытылып кетпесін деп жазылған нәрсе ғана.

Содан әдібұлыққа жарап, өзімше Отан құрғаннан кейін де

жазғандарым сол күнделікте. Ол да баланың әңгімесі дерлік.

Жоғары дәрежелі білім алып, көрген білгендерімді ой елегінен

өткізе бастаған кездегі жазғандарым – ол өзінше бөлек дүние -

«Бастан кешкен, көз көрген».

Екі қоғамда (соң –к, қайта құру) өмір сүргендіктен екеуінің

де саясатын түк қалдырмай, толық мойындаған жан емеспін:

заңына бағындым, бірақ өз ой түйінім өзімше ішімде болды.

Солай болса да, соған деген көз қарасым осы соңғысында

226

жазылды. Мұны оқыған кейбір адамдар баспа бетіне неге

бермейсің дегендері де болды. Оны мен орындай қойғаным жоқ.

Демократия деген сөз бер. Ол тек айту үшін, сенің сөзің жакпай

жатса, демократия деп желпілдеп жүріп, оспадардың шоқпарына

доп та болып кетуің мүмкін. Бірақ өмір өте келе, шындық кейін

болса да, жылтырап, жарыққа шығады. Қазақ халқының тарихы

талай – талай өзгеріске ұшырап, жоққа айнала жаздаған тарих.

Осының бәрін жасағандар ел билеушілер, өз саясатын іске

асырудың айласы. Сондықтан да мен, кейде, қоғам қайраткері

болмасам да, саясатқа да араласып, ойымды, шындығын

жазатындығым. Қоғамды діншілдер билеп тұрған жоқ. Сонда да

болса, дін туралы да көз қарасымды жаздым. Солай бола тұра,

Мұсылман дінін қабылдаған, сол дінге жататын қазақ болған соң,

осы дінде екенімді мойындаймын. Дүние жүзіндегі халықтың бір

ғана құдайы, Алла бар. Соған ортақпыз.

Әр қоғам өз саясатын уағыздайды, тындамағанға заң да

шығарып жазғырады. Оны дәріптеушіні марапаттайды да.

Енді сол қоғамның орнына жаңа қоғам орнай қалғанда,

тез икемделетіндер де жоқ емес. Соған бейімделіп соның

алдыңғы қатарлы азаматы болып шыға келеді. Осының бәрі –

саясат.

Саясаттың түрін қараңызшы: «Отан - отан» деп, аузын

кере қарыс ашып, халықты соңына ертіп жүріп, ел басқарушылар

өз іштерінен шіріп, басқа елге қашып паналағандары да бар.

Шірімей – ақ ел байлығын иемденіп кеткендері де бар.

Ел ішінде кезінде елді жаудан қорғауда 4 рет Совет

Одағының батыры атағын алған Жуков өмірінің соңғы кезі өз

үйінен тысқа шыға алмай отырғаны мәлім. Саясатта мақтап,

марапаттан келеміз де, аяғы тайса, немесе дүниеден өтсе,

ұмытуымыз да болуда. Осы марапаттаудың анықтамасын

дүниежүзіне әйгілі Нобель сыйлығының иегері Альберт Комью

былай беріпті: «Марапаттау идеясы – қоғамдық сананың ойлап

тапқан ойыншығы».

- Сонда не болды? Өмір сүру деген не?

- Дүниеде өзгеріссіз еш нәрсе де жоқ сияқты.

Бәрі де өз жолымен өзгеріске ұшыраса керек. Ол жеттіге ме,

жойыла ма? Ол жағы тек біз көрмеген бір Аллаға аян болса

керек. Адам азды – көпті өмірінде қоғамды қолдан жасаймыз,

жеттіктіреміз деп бөсіп те жүргендері бар. Осылай

жасаушылардың ішінде оңдысы да, адам төзгісіз залалы да

жоқ емес. Табиғаттың өз даму заңына шамадан тыс қол

сұғушылық анатқа жетектесе керек. Бәсекелестік дегенге

ұрынып, және баимыздың астына алып, көзді жұму да жоқ

емес. Осыған сәйкес «Мұхаммет – ақылды, М. Нострадамус -

данышпан» дегенді жазғаным бар. Мұхаммет (ҒС)

пайғамбардың «Хадистерінің» №1 – оқыңызшы, ойланыңызшы.

227

Қорыта келгенде, ақыл, парасат, адамгершілік дегендерді іске

асыру керек - ау. Барлық халықта «Алла - Алла» деп, тек

ауызша айтқанмен, Алладан келді деген ауыз уағыздарға

толық бой ұсыну жоқ. Дін иесіміз деушілер, түптен келгенде, өз

құлқынына бейімдейді, бұрады. Ал қоғамдағы негізгі заң –

конституция деген бар, бұларда да заңды бұрмалап өзіне

икемдейді. Соны халық білмей ме? – Біледі. – Неге айтпайды?

– Е, кімге айтады? Ұйымдасқан топ бар, бірін – бірі қолдайды.

Оны «Мафия» деп те жүрміз.

- Неге олай?

- Тағы мынаған қараңызшы.Адамды Алла топырақтан жасапты.

Топырақтың құрамында барлық элемент бар, адамда да солай

рас екен – ау дейсің. Адам барлық дүниенің егесі. Алла

періштелерді де адамға бағынсын деп, оларға айтқанда

Ібіліс(Сайтан) былай депті: - «Сен адамды топырақтан

жараттың, мені оттан жараттың. Адамың сенің уағызыңды толық

орындамайды. Мен оған бағынбаймын. Маған ерік берсең, мен

оны жолдан тайдырамын» - деп, не керек дегеніне жетеді. Ібіліс

төрт төбе періштеге сабақ берген екен. Сол ақысын сұрап,

сұрағанымды берсең айтамын, - дейді. Қалауын бергенде,

адамды жолдан тайдыруды алған екен.

Сол Ібілістің арбауында жүргендер аузында әділет те,

ісінде қиянат барлар ойынан келгенін жасауда көрінеді.

- Ойпырмай аһ! – деп, бұған да ойға қаласың.

- Енді не істу керек? – Қойынға кіріп кеткен осы жылпостардан

арылу керек. Бұл жылпостар осы күндері жұмсақ орындарға

мықтап орналасып алған. Ат төбеліндей алпауыптар. «Парасат»

журналының №7, 2000 жыл. 20 – 30 беттерінен «Бір үзік сыр»

дегенді оқыңызшы, қалай байыған екен.

- Ендігі бізге қалғаны не?

- Не болушы еді. Шыдайсың, ақырын күтесің.

Қолынан келгеніңше ұрпағыңды адамгершілікке баулисың, ол

үшін өз өнегеңмен көрінуің керек.

Мұсылман халқында екі айт – Құрбан айт, Ораза айт – бар.

Соған арнайы ас дайындалады. Сол астан арнайы табақ

жасап, «Қамқоршылық үйі», деп аталатын үйдегі мүсәпір

халдегі қарттаға сый жасайық. Наурыз күніне дайындаған

асымыздан да үлес берейік. Бұл ісіміз де иманды жандардың

ісі. Уақытын тауып, ол кісілердің халін біліп тұруды да әдетке

айналдырайық. Олар ауру емес, қартайғандар. «Атаңа не

істесең, алдыңа сол келеді» - дейді емес пе! Сен де қартаясың,

саған да біреудің қол ұшы керек кез тууы мүмкін, оны жасау

деген – парасаттылық жасау деген. «Ордалы жылан» кітабын

оқығаннан туған ой: «Тіліңді тісіңнің ішінде сақта!» Пайда

болған өз ойыңды желпілдетемін десең, жығыласың; жығылып

228

қана қоймай жоқ болуың да мүмкін. Сол кітапты жазған адам

қазір қайда?!!

Қазіргі кез – сыйынғаныңнан сүйенерің мықұты болуды керек

ететін кез.

Қолыма ғайыбынан «Ордалы жылан» түсіп еді. Оқыдым.

Кідіртпей берген адам алып та қойды. Оны өзі біреуден оқуға

сұрап алған екен. Осы кітаптың орысшасы – «Чимкентская

мафия» көрінеді.

«Мафия» - емі жоқ кесел. Ол дәрімен емдеуге келмесе керек.

Селдіреп сексеннен асқандар

«Жетпісте

сисектесең,

Сексенде

селдіребсің».

Бір нәрсеге ырза болғанда «Көп жаса!» деп бата беру бар.

Бата, әрине, ырзалық ықыласын сөзбен жеткізу болса керек.

Адамға өмір беру адамның ісі емес, бір Алланың ісі. Табиғатты

бағындырамыз деген жаңсақ пікірдің небір зардабын көрудеміз.

Әр нәрсенің өсу, даму, өзгеру заңдылықтары бар. Оған зорлық

жасау оның ашуына тиюмен тынатыны бар ма деймін. Сол

зардап осы қазақ жерінен көрініс беріп жатқаны халыққа аян.

Сол зардапты Қызылорда облысы, Семей облысы айрықша

көруде. Табиғаты тамаша Кавказ жерінде ұзақ өмір сүрушілер

қарашайлықтар екен. Мен оны «Долгожители» деген кітапшадан

оқып едім. Ал, қазақ жерінде табиғаты тамаша жерге бүгінгі күнге

салыстырмалы түрде десек те болады, ол – Түлкібас жері. Бұл

өңірде 90 – 100 жасағандар, одан да асқандар кездеседі. Бұл

жердің табиғаты тамаша. Дегенмен дүниежүзілік экологиялық

апат бұл жерде де зиянын тигізуде, бұрыңғы Түлкібас емес,

өзгеруде. Ал, Қызылорда өңірінде селдіреу басым: ауырмай - ақ

дүниеден озушылар жиі болуда. Сонымен қатар, бұл жақта

кейінгі кезде аурудың бір түріне санап жүрген асылу, атылудың

да түрі күн санап шыға бастаған. Аурудың түрі де көбейген,

әсіресе, өкпе ауруы бірінші орын алуда. Бұған басты себеп

табиғаттың ластануы.

Осыны түсінген де, түсінбеген де бір Алланың ісі деушілік бар.

Оны тереңдеу ойлаған да жөн бе деймін.

1 ... 73 74 75 76 77 78 79 80 81 ... 113 ВПЕРЕД
Перейти на страницу:
Рекомендуем к прочтению
Комментариев (0)
название