Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)

На нашем литературном портале можно бесплатно читать книгу Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ), Сагындык Алтынбекула-- . Жанр: Прочая старинная литература. Онлайн библиотека дает возможность прочитать весь текст и даже без регистрации и СМС подтверждения на нашем литературном портале bazaknig.info.
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
Название: Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
Дата добавления: 16 январь 2020
Количество просмотров: 102
Читать онлайн

Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) читать книгу онлайн

Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) - читать бесплатно онлайн , автор Сагындык Алтынбекула

Атамыз Алтынбек?лы Са?ынды? 1922 жылы ?ызылорда облысы, Шиелі ауданы, ?азіргі Балаби аулында туыл?ан. ?кесі о?у жасына жетпей-а?, шешесі 1936 ж. кайтыс бол?ан. Балалы? кезі, есею кезінде, ?мірді? таршылы?ын к?п к?рген. ?лы Отан со?ысынны? ардагері, б?кіл ?мірінде о?ытушы – ?стаз бол?ан. Мына о?ып отыр?ан «Бастап кешкен, к?з к?рген»деген атпен т?рбиелік м?ні бар ?нгімелер жина?ын да жаз?ан т?лімгер.

Внимание! Книга может содержать контент только для совершеннолетних. Для несовершеннолетних чтение данного контента СТРОГО ЗАПРЕЩЕНО! Если в книге присутствует наличие пропаганды ЛГБТ и другого, запрещенного контента - просьба написать на почту [email protected] для удаления материала

1 ... 74 75 76 77 78 79 80 81 82 ... 113 ВПЕРЕД
Перейти на страницу:

Бес ата қыпшақтың – Бұлтың, Торы, Ұзын, Көлденең,

Қарабалықтың – ең үлкені Бұлтың делініп жүр. Сол Бұлтыңның

Арғынбай деген биі бес ата қыпшақтың бас биі болған екен. Сол

Арғынбай атамызға бесінші ұрпақ болып қосылатын(Сыр

бойындағы Бұлтыңдардың) адамдарының ішінде сексеннен

асқаны саусақпен санарлық болып қана қалған екен, яғни, үшеу:

Есіркеп Омарұлы, Жаппарбек Шаймерденұлы және Сағындық

Алтынбекұлы. Демек бұлар осы жердегі көп жасағандардың

229

санында. Көп жасау дегенге тек қызық екен деп қарау ақылға сия

бермесе керек. Қоғамның күрт өзгеруінен, әр қоғамның өз

саясатының әсерінен адамдардың санасы да өзгереді екен.

Қазақты қабілетті халыққа санасақ, сол қабілеттілікті дұрыс

пайдаланбай, жағымсыз, тиімсіз жағын да тез қабылдаудың

салдарынан жастар жағы теріс жолға да түсушілік орын алуда:

ішкілік, зиянды нәрсе шегу, тілін, ділін ұмыту т.б.

Демек, үлкейген сайып осындайларды көріп, оған ырза

болмаудан қартайған шағыңда пұшаймен көреді екенсің де, оны

өзіңе қорлық санайды екенсің. Осындайға үндемей қалу деген –

оған жол беру. Ал, оның дұрыс еместігін айта қойсаң,

қабылдаудың орнына қарсылық есітесің. «Сен тимесең, мен

тимеййін» деп өмір сүру ойсыздыққа жатса керек. Ойсыз болу

деген сөз адам баласына лайық емес. Сондықтан да соңғы

кезде «Тірліктің сыйтқы мен сыры» деген тақырыпқа ойымды

жаза бастадым, кейбіреулерін баспа бетіне де ұсынып жүрмін,

басылуда. Менің алдымдағы екі ағамның кішісінің орта дәрежілі

де білімі жоқ. Үлкені болса, алғашқы әйелі өліп, кейінгісі өзінен

35 жас кіші. Соның өзіне қолы зорға жетіп еді; оның бүкіл еркі

соның қолында оған өкпелеп те болмайды: оның бүкіл бауыр еті,

ақыл – ойы содан жаралған. Не деуге болады? Ауырғанның

жағдайын білейін демесе, өлгенге бармаса, ағайынның

қызықшылығын қызықтамаса. Алысымен бір бала туып беріп еді.

«Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді

тербейді» депті ғой.

Елге барған сайын өз аталастарымның жастарына

адамгершілік жайлы айтқан боламын. өмір сүрген ортасына

қарап, айтқанды іске асыруы қанағаттанғысыз. Содан барасың

да, көп жасау деген қиындықты көру екен ғой деген ойға келесің.

Бұлайша тарығу дәрменеіздікке салыну емес. Сондықтан да

ойымды қағаз бетіне түсірумен қатар, газет арқылы халыққа да

оқуға ұсынудамын.

Дегенмен, ойымды өзімнен кейінгі ұғады, түсінеді – ау

деген жеткіншектерге айтуды дұрыс санап та отырған жайым

бар. Бұларды жігіт ағасы, ел ағасы дәрежесіне келді деп

санаймын, солай болып та жүр. Олар - Әбидің Сұлтаны, Мәліктің

Сұлтаны, Темірханы, Пәзілкәрімдер.

Ойлаңдаршы, ендігі елбасы сендерсіңдер. Айтқызбай – ақ,

ағайын арасындағы келеңсіз жағдай бола қалса, бас қосып,

ақылдасып шешу сендердің тірліктерің, міндеттерің. Алдарыңда

Жұмағали, Сағынғали сияқты ақыл сұрарларың да бар. Бұл екеуі

ел тынысын дер кезінде біле бермес, сендер сол ағайын

ішіндесіңдер.

Мен өз өмірімнен, көрген – білгендерімнен жазып кеткен «

“Бастан кешкен, көз, көрген” деген атпен көптеген әңгімелер

230

жазып тастадым. Сондағы әңгімелерде адам өмірінде болған

алуан түрлі жайлар айтылған, жақсы жағын іске асыру керек.

«Ұлық болсаң, кішік бол!» деген мақал бар. Лауазымым бар,

жетікпін деу қате пікір. Үлкейген адамда тек бауыр болу керек.

Кейінгі ұрпақ содан үлгі оларлық болу керек. Мен осы

идеяныСерікбай інімізден байқай алмай келемін. Сол биыл

жасының 75-ке келгенін тойлады. «Бүйрек және безбүйрек»

деген тақырыпта да әңгімем бар. Бүйрек туысыңа қарай тартып

тұрды керек. Осы соңғы жылдары ағайынның қызықшылығы бар

ма, қайғы-қасіреті бар ма соған араласуды басты міндетім санап

жүрмін; өзім зорға жүруге жарасам да, барамын, қатынасамын.

Әсіресе, өлім-жітімге бармау деген туыстықтан айрылуға алып

барады. Бұл үлкен айып болып табылады.

Селдіреп, сексеннен асқандар-пәлекте жатып піскен қауындар.

Үзіліп қалмай тұрғанда, бұлардың қолынан келері тек қана

уағыздары, кеңестері, дұрыс деп тапсаң, ақылдары. Бұлар

кеткен соң, осыны айтатынды таппайсыңдар. Бұлардың орнын

өздерің басасыңдар. Бұл- тарихи заңдылық.

Соңғы жылдары туыстарымыздың жарыға жуығы Шілік жақта

екен ғой! Бұлардың да зиялыларымен кездестім, түсіністік. Енді

осы ағайындармен қарым-қатынас орнату керек,бауырласу

керек. Бұл да сендердің міндеттерің.

Соңғы бір айтарым-соңғы кезде әр рудың өз президенттері

бар.Сол сендер де бар. Ол жұмыс істеуі керек емес пе? Бізде

сол жұмыс бар ма? Кезінде мен осы туралы кеңесшісі етіп

тағайындалған Әзімханға, Бәкірге айтқан едім. Бұл екеуінің бірі

дүниеден өтіп кетті. Екіншісі төсек тартып жатыр. Бұл да

ойланарлық жай. Бұлтыңдардың кімі қайда тұрады, олар жайлы

мәліметі бар адам шежірені шығаруды қолына алған, шығарады,

дайын. Көп ізденді. Осы орынға осы адам лайық па деймін.

Есте сақтайтын ең бір күрделі жағдайлар

«Өзгелердің халінен өзіне

сабақ ала білген адам- ең бақытты

адам» («Адамзаттың асыл тәжі», 2

том, 318-бет)

1. Осы біз өмірді тартыс деп жатамыз да, сол тартыстың

барысында аса бір көіңіл қалатын жағдайға душар боламыз.

Міне, соны татуластырамыз дейміз, татуластырамыз да. Кім

келісімге бұрын келсе, Алланың жүзін сол көреді деп те

жатамыз.Сонда татуластыру дегеніміз – екі бөлікті бір – біріне

қосу. Сол қосу барысында, қосылған жерде түйін пайда болмай

ма? Екі бөлініп тұрған жоқ, түйін арқылы жалғасып тұр. Осыған

мән беріп қарайықшы. Түйінсіз – ақ бір бүтін бар,2 – түйін

арқылы жалғасқан бір бүтін (бір бөлек) былайша қарағанға,

231

екеуі де бір бүтін сияқты. Бірінде түйін бар да, екіншісінде

түйінсіз. Демек, өмірді тартыс екен деп, бір бүтінді үзіп алмауға

тырысу керек. Үзілгенді жалғағанда тұйін пайда болып қалады.

Түйіннің аты-түйін. Сол бүтіннің бойымен қолыңды жүргізсең,

түйіндеген жері қолға білініп қалады. Сондықтан сол түйінсіз бір

бүтін болайық.

2. “Өз қолымды өзім кесе алмаймын” деген тағы бір сөз бар. Ол -

өз бауыры не өз перзенті арасындағы кикілжің бе, әлде одан

ауыр бірдеңе болған жағдайларда айтылатын сөз. Түйінге

қарағанда жеңілдеу сияқты. Соны да болдырмау керек. Ата –

ана деген Алладан кейінгі сенің жаратушың, құдайың дегенбіз.

Сол ата – ана солай бола тұра, сенің жалшың сияқты. Соның

қадірін тірісінде білейік те. Дүниеден озған соң, аһ ұрып,

әттеген – ай дегеннен гөрі, тірісінде көңілін қалдырма, көңіліне

тиме демекпін. «Әке көңілі қалса, ауырлығы – алып таудың

үстіңе құлап, басып қалғанындай емес пе?» - депті Нығмет

Ғабдуллин. Нығмет Ғабдуллин - әрі ғалым, әрі ұстаз –

ұстаздардың ұстазы.

3. «Бұқа бұға, азбан дуға» деген бір мәтел бар. Бұл не? Адам

дүниеге екі рет келмейді, бір – ақ рет келеді. Ендеше,

кәмелетке жетпек түгіл, ол кезеңнен өтіп бара жатқандар ішінде

«Сейіл де сейіл, сергелден де сейіл» құрып жүргендер бар. әлі

жаспын деп жүр ме, әлде ақылы жетіспей жүр ме екен дейсің. –

Жоқ, екеуі де жетеді.

- Енді не жетіспейді? – Парасаттылық жетіспей тұр ма екен

деймін. Сүйтіп жүріп, бірі шал, екіншісі кемпір деген атқа не

болып та қалады. Кемпір деген атқа ие болғаның – ана

деген атақ алудан құр алақан қалғаның. Ал, сонда сен

жетілген болып шығасың ба?! Жігітім, сен де ойлансайшы.

Сенің де сол сияқты болып қалуың ұзақ болмаса керек.

Жүп болатын адам таңдап жүрген сияқтысың дар-ау. Жыл

мезгілінің күзге айналып келе жатқанынан хабарларың бар

ма? «Жазда шанаңды дайында» - депті ғой. Аяқтарыңның

бүрі кетіп, сырғанап кететін кезі келеді. Әлде ол кезде

сендер дүниеде болмайсыңдар ма? Мүмкін, әкем – шешем

1 ... 74 75 76 77 78 79 80 81 82 ... 113 ВПЕРЕД
Перейти на страницу:
Рекомендуем к прочтению
Комментариев (0)
название