Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) читать книгу онлайн
Атамыз Алтынбек?лы Са?ынды? 1922 жылы ?ызылорда облысы, Шиелі ауданы, ?азіргі Балаби аулында туыл?ан. ?кесі о?у жасына жетпей-а?, шешесі 1936 ж. кайтыс бол?ан. Балалы? кезі, есею кезінде, ?мірді? таршылы?ын к?п к?рген. ?лы Отан со?ысынны? ардагері, б?кіл ?мірінде о?ытушы – ?стаз бол?ан. Мына о?ып отыр?ан «Бастап кешкен, к?з к?рген»деген атпен т?рбиелік м?ні бар ?нгімелер жина?ын да жаз?ан т?лімгер.
Внимание! Книга может содержать контент только для совершеннолетних. Для несовершеннолетних чтение данного контента СТРОГО ЗАПРЕЩЕНО! Если в книге присутствует наличие пропаганды ЛГБТ и другого, запрещенного контента - просьба написать на почту [email protected] для удаления материала
бар деп жүргендерің де бар болар. Оларға сенбеңдер.
Олар пісіп жетілген, тозған, өмірден озбаса да, озғандар
қатарына бет бұрғандар.
4. «Өзің білесің»деген тағы бір сөз бар. Бұл сөз түсіне білсең - өте
ауыр
айтылған сөз. «Келісіп пішкен тон кең де, кем де болмайды»
дейді. Өмірдің ащы – тұщысын басынан кешкендер - өмір
тәжірибесін көргендер. Солар өз ақылына көндіре алмаған
кезде, әбден шарашаған соң, «өзің білесің» дегенге дұшар
болады.
232
5. Сен дүниеге келген кезден бастап, ата – анаңның мейіріміне
бөлендің, қайырымдылығын көрдің, өстің, жетілдің. «Құс ұяда
не көрсе, ұшқанда соңы алады» дегенді ұмытпа! Сол ұяда
алған тәрбиеңді дүниеден озғанша орындауға тырыс. Сонда
ғана сен адамзат қатарыңдасың. Сонымен қатар, қанағатшыл
бол. Қанағатшыл болсаң, көрінгенге ұрынбайсың. Соның ішінде
білімге жеттіктім деуден аулақ бол. Біле бер, біле бер;
білгеніңді бойыңа жасырмай, кейінгіге тәлім етіп қалдыра біл.
«Бүгінгі заман - өткен заманның баласы, болашақ заманның
атасы» - депті ғой Ахмет Байтұрсынов. Бұл не? Өткен заман -
әкең, әкеңді пайдаландың. Болашақ замандағы жеткіпшектер
жетім қалмасын деген сөз. Өткен заманың, өзің өмір сүрген
заманның жетістігін кейінгі ұрпаққа қалдыру деген. Демек,
өнегелі өмір сүруге тырыс.
5/III -2004ж.
ГОСПИТАЛЬДА
4/VI – 2001ж.
«Жұлдыз», №12, 2000.
Мамытбек
Қалдыбай. «Баукең
айтқан
әңгімелер» 13 – 30 –
беттер.
«Жазушының жауы» - 21бет. «Менің байқауымша,
жазушының ең үкен жауы - әйелі мен бала – шағасы. Олар
шығармашылық сырын түсінбейді. Мынаны, ананы қайтеміз деп
ойын бөледі. Үлкен жау дегенім сол. Бірақ жазушының отбасы
«Мен ойланып отырмын» дегенге түсінбесе, ой қосу түгілі оны
құртады. От бытовщины писатель тупеет.
Лев Николаевич кейде отбасынан қашып, подвалға барып
жазған.
Тургенев өмірінде үйленбей кетті. Үйленбеуі – маған кедергі
жасайды деуі.
Мария Ильиничнаның естелігінде: «Ленин жұмыс істеп
отырғанда тырс етуге қорқатыңбыз» - деп жазады.
Чайковскииге бір байдың қызы күйеуге шығады. Музыка
ойнап, нота жазып отырса: «Сүйіктім, жүр тамақ ішейік» - дейді.
Ойы бөлінеді. Бір емес, күнде солай,...
- Мен сені өте сүйемін, - деп, Чайковский оны жерден көтеріп: -
Маған сенің сүйгенің керек емес, шығармашылығыма жаның ашуың
керек, - дейді де, бұрылып кабинетке кетеді. Әкесі ақылды кісі екен,
қызын ертін әкетеді. Сонда ол үйленбеген.
... – Біздің ауылдың шалдары: «О, мына көксоққан, малдың
жайылымын бұзыпты ғой»- дейтін. Бұл сөздің мәні терең.
233
...- Көп әйелдер байының жайылымын білместен басқа жаққа
жұмсап, бүлдіріп жүр. Менің байқауымша, біздің жазушылар Одағы
бойынша жайылымын екі – ақ әйел білді. Бірінші орында Ғабиттің
үйіндегі Ғусни жеңгей, ал екінші орынды Сабит Мұқановтың жары
Мәриям жеңгейге қияр едім. Қитұрқылау, еркек мінезді; ақылды,
ұстамды кісі еді.
Әдеби сын
Әдеби сын іштей 4 түрге бөлінеді: Публицистикалық сын,
ғылыми сын, эстетикалық сын, органикалық сын. Органикалық сында
сыншы жазушының шығармасын әрі көркемдік, әрі ғылыми, әрі
пәлсапалық, әрі эстетикалық, әрі ақиқаттану тұрғысынан (иманы ілім
тұрғысынан) саралай отырып, сонымен бірге автордың өмірдегі түрлі
тынысына да айрықша терең үңіледі. Сыншының көзінен автордың
ерекшілігін, жаны мен жаратылысын танытатын ірілі-уақты, үлкенді-
кішілі фактілердің бірде-бірі тасада қалмайды. Жазушының өмірдегі
болмысына бойлай отырып, оның ішкі қайшылықтары мен сенім-
таным дүниесін де жан-жақты ашады. Міне, жазушының өмірдегі
болмысы мен өнердегі болмысын қатар ашатын осындай тұтас һәм
толық сынды органикалық сын дейміз - дейді Әмірхан Меңдеке,
халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері. («Оңтүстік Қаз.» №187
(17823) 21.12.2004. «Өтімді һәм өміршең сын» мақаласында.
«Сынның төресі жазушыға көмектесетін сын. Әдебиетті
көтеретін де- осы сын» - дейді.
Толғақ
«Айы – күні жеткен толғақ
сыртқа шығуға ұмтылады».
Осы телеэкранда кейбір кездерде өмірлік ойланарлық
әңгімелер қозғалып жатады. Оған қатысып отырғандардың ішінде
ақыл тоқтатқандарынан әлі ой өрісі ұлғая қоймағандары басымдау
келеді. Үйткені жастар жағы бәрін білгісі келе беретіні табиғи
ұмтылыс қой. Сонда болған бір әңгіменің орта шенін көріп қалдым:
Бойдақ болып отырып қалған қыздар мен үйленбей жүрген ер
балалар жайлы екен. Осы адам баласы жаралғалы бері ер
жыныстылардың (қай зат болсын) саны аз да, ұрғашы
жыныстылардың саны әлдеқайда басым. Оған дәлел тіпті көп: мал
болса, сойылып кетеді, ал адам болса, жаугершілік жағдайда жан
тапсырады, онсыз да әйел жыныстыға қарағанда, ер жыныстылар
ұрыншақ, сотқар келетінін мойындауымыз керек. Жаңағы
жиналғандардың ішінен қыз балалардың екінші әйелдікке алса,
барар едім дегені де табылып қалды.
Ал, сол басқарып отырғандардың ішінен бір әйелден (психолог
екен) сен күйеуіңе екінші әйел алуына қалай қарайсың дегенде, зар
ете қалды: «Қызғанамын, алдырмаймын, мен оны сүйемін» - деп,
отырып алды. Ерлер ішінен екі әйел алуға заң шығарса дегендері де
234
бас көтеріп қалды. Екінші біреулері осы жұмыссыздық кезінде өз
басыңды асырап ала алмай жүргенде екі әйелге қалай еге боласың
деп те жатыр.
Былай қарағанда мемлекеттік мәселе болмағанмен, өмірден
келіп туындап жатқан жағдай ғой. Ойлануды керек етеді-ақ.
Жыл санап адам санының өсуі төмендеп бара жатқандығын да
сөз арасында айтып жатамыз. Экологиялық жағдайға тосыннан
табиғат апаттары қосылып, жойылып кету болып жатқан жоқ па!
Мұсылман дінін орнатушы Мұхаммед пайғамбарымыз қыздай
тек Айшаға ғана үйленген екен. Ал басқаларының бәрі аяғынан
(бұрын біреудің әйелі болған) қосылғандар екен. Оны алу (қосылу)
себептері де «Адамзаттың асыл тәжі» кітабында айтылады. Сонда
бұл қалай шешілгені дұрыс деген ойға келеді. Алғашқы қоғамда
баланың (перзенттің) кімнен екені белгісіз болған көрінеді. Екі
жынысты табиғи түрде араласуын керек етеді. Сонда алғашқы
қоғамға көшуіміз керек пе?! Олай жасау үлкен қателік болады. Қазақ
«Некесіз бала кебін ұрлайды» дегенді неге айтқан. Осы сөз жақсы
сөз бе? Онсыз да адам баласының мейірімділігі төмендеп бара
жатқан жоқ па! Ол сәби туысын білмеген соң, оның келешегі не
болмақ!!! Осы қоғам ілгері дамиды десек, қайда бара жатырмыз?! Бір
күндік өмірді қызық көруге ауысудамыз ба? Нашақорлық, мафиялық,
жезөкшелік, денені бизнеске айналдырушылық, ақырында жазылмас
эпидемия-СПИД-ке ұрыну.
Тағы бірде телеэкранда кілең жастар жағы. Екеу-екеу
құшақтасып та отыр, сүйісіп те жатыр. Айтпақшы, сүйісуден оңтүстік
өңірде жарыс та өтті. Сонда біреу екі Сағаттан астам бір-бірінен
ауыздарын ажыратпай сүйісіп, бірінші жүлдені жеңіп алды. Соны
дәріптеп «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жазды да. Оны мен өнегелі
іс демес едім. Сол жиналғандар бір-біріне сұрақ қоюда: «Что такое
любовь?» дейді. Беріп жатқан жауаптары атүсті ұғымда ғана болуда.
«Любовь» сөзін «Махаббат» деп тәржімелесек, дәлме-дәл
мағынасы келіп шықпайды ма деймін. «Махаббат» сөзінің мағынасы
«любовь» сөзінен астамдау бола ма деймін «Любовь» -
сүйіспеншілік, сүю сөзіне барабар келетін сияқты. Осыған жан-жақты
тереңірек ойлап қарастырайықшы: Махаббат екі түрлі сияқты: тәндік
және жандық-рухани. Тәндік түрі мол кездессе, рухани түрі ілуде
ғана болатындай. Оғап дәлел: Мұхтар Шахановтың «Бөдене мен
Қажымұқандар» кітабының 15-бетінде «Жазагер жады
космоформуласы» атты романынан «Жетінші түйсік» деген жерінен