Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)

На нашем литературном портале можно бесплатно читать книгу Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ), Сагындык Алтынбекула-- . Жанр: Прочая старинная литература. Онлайн библиотека дает возможность прочитать весь текст и даже без регистрации и СМС подтверждения на нашем литературном портале bazaknig.info.
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
Название: Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
Дата добавления: 16 январь 2020
Количество просмотров: 102
Читать онлайн

Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) читать книгу онлайн

Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) - читать бесплатно онлайн , автор Сагындык Алтынбекула

Атамыз Алтынбек?лы Са?ынды? 1922 жылы ?ызылорда облысы, Шиелі ауданы, ?азіргі Балаби аулында туыл?ан. ?кесі о?у жасына жетпей-а?, шешесі 1936 ж. кайтыс бол?ан. Балалы? кезі, есею кезінде, ?мірді? таршылы?ын к?п к?рген. ?лы Отан со?ысынны? ардагері, б?кіл ?мірінде о?ытушы – ?стаз бол?ан. Мына о?ып отыр?ан «Бастап кешкен, к?з к?рген»деген атпен т?рбиелік м?ні бар ?нгімелер жина?ын да жаз?ан т?лімгер.

Внимание! Книга может содержать контент только для совершеннолетних. Для несовершеннолетних чтение данного контента СТРОГО ЗАПРЕЩЕНО! Если в книге присутствует наличие пропаганды ЛГБТ и другого, запрещенного контента - просьба написать на почту [email protected] для удаления материала

1 ... 76 77 78 79 80 81 82 83 84 ... 113 ВПЕРЕД
Перейти на страницу:

үзінді келтірген екен. «Күнделік құмар сезімді өрілгені үшін отпенен,

Шатастырап алдық, құдай-ау, біртуар махаббатпенен» делініпті. Бұл

– тән құмарлығынан пайда болған сүйіспеншілік. Мұны да

махаббатқа санап жүрміз. «Үйлену оңай, үйлесу қиын» деп жатамыз.

Үйлеспей жатқанда, айрылысу келіп шығады. Сонда

махаббатымыздың не болғаны?! Оған М. Шаханов: «Бастысы – сұлу

жұбайың өзіңе ертең кім болмақ?» деп сұрау қояды да, оған өзі

235

жауап береді: «Махаббат – қайсар заңғар шың, кез келген өрлей

алмаған, он мыңнан, бәлкім, екі адам үмітін зорға жалғаған. Содан

ғой, сансыз кеудені жалғыздық дерті торлаған, қаншама заңғар

тұлғалар қанатсыз жардан сорлаған» - деп, жауап береді. – Бұл

рухани махаббат таппағандар. «Не бермек тәннің одағы? Жаныңа

жаны қосылмау. – Бұл - нағыз бедеу қасірет, қосылмау деген –

ашылмау! Гүл болып ашылмағанның тілегін кім бар жақтаған? Рухы

қосылмағанның сезімі шаттық таппаған. Рухы қосылмағандар –

жалынсыз, сәнсіз, жақұтсыз, сондықтан мына жалғанда екеудің бірі –

бақытсыз. Сондықтан махаббаттың да сырт санын құрайтындар көп,

жәй көзге күліп жүргенмен, жасырын жылайтындар көп. Тағдырдан

қашу мүмкін бе, жүрсең де қандай жолменен. Бір мәнді сұрақ

алдыңда тұрағы ылғи көлденең: ...Ұға ма ол шаттық мұңыңды

жетінші түйсік арқылы? ... Рухани терең түйсіну жоқ кезде махаббат

та жоқ». – Ой!!! Қалай қиын жағдай. Сонда рухани махаббат болуы

мүмкін емес демекпіз бе? – Жоқ, ә! Сондықтан да өмір дегенге терең

ойлы парасаттылықпен қарау керек демекпін. Қазағым текті деген

сөзге үлкен мән берген. Тексіз деген сөз ең соңғы жексұрын ұғым –

жаманның да жаманы. Отырар шаһарының ханы Қайырхан жұбайын

өлімнен құтыл, балаңды алып, қоршаудан шығып кет дегенде,

жұбайы Ақерке ерін өлімге тастап кетпейді, бірге болуды артық

санайды. Махаббаты – рухани. Сол сияқты Қозы мен Баянның да

махаббаты – рухани.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – «Тағдырдан қашу мүмкін

бе, жүрсен де қандай жолменен» - депті ғой. Ата – анаң, туысың

болып жатса, «Келісіп пішкен тон кең де, кем де болмайды» депті

ғой, осыны басшылыққа ал. Ажарына ас құйып ішпейсің» дегенді де

түсін. Ойлы, парасаты бар, тектіге қол соз. Тағдырыңа шыдамдылық,

сабырлылық жаса. «Сабыр түбі сары алтын, шыдаған жетер

мұратқа» депті ғой. Сабырлықпен де бақытты өмір сүруге тырыс.

Мәңгілік ешнәрсе де жоқ .Алғашқы қоғамның құрылуында соның ең

кішкене бір көрінуі жұптасу, одан барып жекешеленуге ауысу келіп

шыққан екен. Жұптасудың екі тірегі – ері мен әйелі. Бұлай болмай

отан құралмайды. Отаннан шыққан түтіннің де түзу шығуы әйелге

байланысты. Маздап жанбаған оттан түтін бұралып шығады, бықсып

шығады. Тақта отырғанда, ел басшысын әшкере түрде даттай

алмайсың, олай жасасаң, жазғырыласың. Өмірден өткен соң, қазірде

олар туралы жазатын да болды: «көтерем көсемдер, мүгедек

президенттер» деген рубрикамен. Демократия, сөз бостандығы

дегенді ту етіп желбіретіп, қазіргі тәуелсіздік кезде кей газеттерде

бұрын айта алмағанды, жаза алмағанды жазу да басталды. «Шөптің

басы жел тұрса қимылдайды» дегендей, ел басымыздың Сарасына

да сөз ерді. Алдарынан қара мысық кесіп өткен бе, қайдам? Оған да

себеп бар болар. Қайда барса да тізіліп жүруші еді, тыйылып қалды.

Заманбек Нұрқаділов Алматының Әкімі кезінде – ақ сыбыс сөз

шығып еді, ақыры шындыққа ауысып, әнші Мақпалға үйленіп те

236

алды. Ұнамаса, ауыстыра салу, өзгерту деген отанның екі тірегіне

ыңғайлы нәрсе емес, дүниеден озып жатса, ол бір басқа. «Мешкей»

деген жақсы ат па?» депті ғой. Бұл екі жағына да қатысты айтылған

сөз. Қысқасы, үлгілі, өнегелі өмір сүруге тырысу керек.

14/I -2005

СКЕЛЕТ – ҚАҢҚА

«Қаңқаға тіл бітсе, тарихты қозғайды»

Алматының Дзержинский көшесінің дәл ортасында Ф.Э.

Дзержинскийдің бюсті тұрушы еді. Ол – бұрын. Ал, қазір ол көшенің

аты өзгерген, бюстінің бар – жоғын қайдам; аты өзгерген соң, өзін де

алып тастаған шығар. Мұның бәрі өтпелі кезең, өзгермелі қоғамдық

құрылыс.

Кезінде ол кім еді десейші! Бетіне тура қарай алмайсың, көзінің

өткірлігі сонша - өңменіңнен өтіп кететін нағыз чекистің басшысы еді

емес пе еді.

Қоғам өзгерді, сайқал саясат та артын қысты. Ол қоғамды

көрмеген адам ол туралы айтпайды да. Сол қоғамның жастары

«Ленин – біздің бабамыз, саясында жатамыз» деп ән шырқаса, тілі

жаңа шығып келе жатқан бала Лениннің суретін көрсе, «Ленин –

ата!» деп, әкесін көргендей тақ – тақ етуші еді. Бәрін де жоққа

шығардық. Жаңа қоғам, жаңа заман, жаңа адам» пайда болды. Ол

қалай келді, онда кейінгілердің шаруасы шамалы. Осы аңсаған

қоғамымызды армандаған адамдарды, бір кезде жауыз

саналғандарды қайта жарыққа шығарып ізденудеміз. Солардың

идеяларын айтқанымызбен, қазіргі жастар, тіпті, өз ана тілінде

сөйлей де алмайды. Тілден айрылу – халықтың жойылуы.

Жастарды былай қойып, ел басшысымыз деп жүргендердің өзі

тілін білмейді, білсе де, ескі әдетіне басып сөйлегісі келмейді. ОЛ

намыстанғаны ма екен?! – Жоқ, оның да қаны таза еместігі.

Сол қоғамда туылып, соны сусындағандардың қазірде

қалғандары қартайды. Бойында қаны таза болса, скелетке айналып,

қаңқасы ғана қалды. «За Родину! За Сталина!» деп, кешегі Ұлы Отан

соғысынан аман қалғанның өзі сексенді еңсеріп отыр. Қаңқа

болмаған несі қалды?! Күн санап азаюда, мүгедектенген, жүре

алмайды. Жеңістің 60 жылдығына қарық болады – мыс, көлікті

болады, мемлекеттен үй алады – мыс; қолында үй алатын купоны

бар.

«Жарық дүниеде қиындықты көп көрсең, тозақ отың арам

болады, жаның жаннатта болады» деп насихаттайды емес пе

діншілдер.

«Терпи Казак Атаманом будешь!» деп орыстар айтқандай,

шыда – шыда!

Тірі болған соң, «Үмітсіз сайтан болсын!» дейсің ғой,

«Сексеннің серіктікке пайдасы кем» деп бекер айтпаған, көзің

237

сығырайып, жүруге де жарамай, көлік, үй күтушілер әлі бар. Бірақ

өлмеген соң, қаңқасын қалбитып, зорға жүреді, ентігіп қалады: күрк –

күрк жөтелуде. Соры қайнаған өкпесінің айтуға тілі жоқ, жөтелгенде,

шиқылдайды.

Моторы – жүрегі тартпай, қызып кетіп, ходовойы – аяғы басуға

келмей отыра кетуге мәжбүр, оған да отыратын жай табыла қойса

құба – құп.

Бұл қаңқаның өкпе артатыны әлдеқашан дүниеден өткен:

Совет үкіметі құлаған, әке – шешесі қаза болған. Кімге өкпелейді?

Денеден қуат кетсе, бойдағы сөл де азайса, ол қаңқада не қалды?!

Қатары да сиреген, жоқ десе де боларлық, өзінен тараған

перзенттері алыста; оның да перзенттері бар, бала қамы, күн көріс

қамы. Болса телефонмен «Қалайсыз?» деу ғана. Сорлы қаңқа

кеудесін сүйретіп те жүруге шамасы жоқ. Көзі бұлдырап, құлағы

шуылдап, басы сырқырап, бір жатады, бір тұрады. Орыстар айтыпты

ғой «Старость не радость” деп. Қартайғандық қуаныш емес.

Тарықпасаң да, ойыңдағыдай болмағанға ренжисің, қамығасың.

Құрғақ уәдеге тоңып, қалтырайсың, нервіңе де тиеді.

Ермек таппай отырғандай, 9/I – 05 бастап, ұнатпайтын тұмау

айналдырып, тіпті әлсіретіп те тастайды. Берілмеймін деп – ақ қарсы

уколды үсті – үстіне айдаттым. Беті қайтыңқырады, дегенмен, мені

де жүдетті. Мен сияқтының екінің бірі өз ойын қағаз бетіне

түсірмейді, шамасы келмейді, немесе ойы жетіспейді.

Баяғы әдет – түн мезгілін ұйқысыз өткізу қымталып жатсаң,

тұншығып барасың, ашсаң, денеңді суық алады, жөтелесің. Содан

тұрып, киініп алып, әліңнің келгені – қағаз бетін шимайлау ғана.

Бұлай қимылдау да ұзақ бола бермес, оған да қуат, ақыл – ес керек.

15/I – 05 таңғы 6 10

Екі ерекше хабардың алғаш есітушісі.

«Қарттық аспаннан

түсе салмайды. Дүниеге

келген соң, тірі болсаң,

1 ... 76 77 78 79 80 81 82 83 84 ... 113 ВПЕРЕД
Перейти на страницу:
Рекомендуем к прочтению
Комментариев (0)
название