Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) читать книгу онлайн
Атамыз Алтынбек?лы Са?ынды? 1922 жылы ?ызылорда облысы, Шиелі ауданы, ?азіргі Балаби аулында туыл?ан. ?кесі о?у жасына жетпей-а?, шешесі 1936 ж. кайтыс бол?ан. Балалы? кезі, есею кезінде, ?мірді? таршылы?ын к?п к?рген. ?лы Отан со?ысынны? ардагері, б?кіл ?мірінде о?ытушы – ?стаз бол?ан. Мына о?ып отыр?ан «Бастап кешкен, к?з к?рген»деген атпен т?рбиелік м?ні бар ?нгімелер жина?ын да жаз?ан т?лімгер.
Внимание! Книга может содержать контент только для совершеннолетних. Для несовершеннолетних чтение данного контента СТРОГО ЗАПРЕЩЕНО! Если в книге присутствует наличие пропаганды ЛГБТ и другого, запрещенного контента - просьба написать на почту [email protected] для удаления материала
өсіріп еді бір кездерде. Қазір ше? Оны ойламайды да. Алғашқы
зейнетке шыққанымда 120 сом алып едім. Оған мен не алатын едім,
қазіргі зейнетқаныма не аламын? Ара салмағы қандай? Қайыршы
болмағанға не қалды? Совет дәуірінде ел басқарғандар әлі
басқарып келеді. Солай бола тұра, сол заманды айыптайды. Неге
сол кезде айта алмаған? Ол кезде ақылы жетпеді ме, қазір ақылды
болып шыға келді ме екен? Міне, сенгің келмейтіні осындайдан келіп
шығады. “Әдеби мұра” деген кітапта мысал ретінде берілген бір
әңгімеде Алла жаратқандарына ғұмыр береді. Барлығын да бірдей
көріп, 30 жастан бермекші екен. Адам оны азсынып, есектен 20,
иттен 20, маймылдан 20жас сұрап алыпты. Осыны жазып отырған
мен маймылдан алған өмірдің кезеңін жасап келеді екенмін. Сонда
ел басқарушымыз біз сияқтыларға жасаған қамқорлығы маймылдың
өмірін сүр дегені ме екен? Құлшынып істейтін қуат таусылған. Сол
маймылша ыржыңдап отыра беру ғана қалды.
Титтей де болса айтылған сөзден, уәдеден ауытқымайық.
Сенімді жоғалтпайық та. “Әкесі өлгенді де естіртеді” дегендей, пәлен
жастап асқандарға зейнет ақы төленбейді, олардың бұрынғы
қалдырған суммасы таусылды десе, жүрегіміз жарылмас еді.
Отан! Отан! Отан! Деп өсіп едік. Қазір сол отан деп өскендерді
басқарып отырғандар Ұлы Отан соғысын тек кинодан ғана көреді.Ол
кезде олар жалаңаяқ жүргендер еді. Ол киноның өзі дәл емес,
көркемдеген түрі ғана. “Қарнымның ашқанына ренжімеймін,
қадірімнің қашқанына ренжимін”. Отан көмектесуді қойса, балама
берген қарызымды алып, күнімді өткіземін де. Ашылғаннан шыққан
121
сөздерім еді. Қазақ мақалында: “Көсіле сөйлегеннің бәрі көсем емес,
шешіле сөйлегеннің бәрі шешен емес”, “Сөздің көптігі емес, септігі
керек”, “Күдік қалыңдаса, үміттің құты қашады” – делініпті.
Халықтың жауы ма еді?!
Тарихты жеке адам жасамайды, халық жасайды деп үйретті бізді. Ал
мақұл, дұрысы да солай. Бірақ сол халықты бастаушы, соңына
ерітуші, күреске жұмылдырушы, насихаттап үйттеушісі бар. Ол –
адам, не бір топ, өздерінше саясаты бар, ат төбілендей қауым құрған
топ деп түсінемін. Жабайылықтан айығып, топ-топ болып
қауымдасқаннан бергі өмірдегі адамзат әлі бір-бірімен жауласып
келеді. Алғашқы кездегісі жейтін тамақ үшін таласса, кейінгілері
байлыққа, билікке таласудан жауласуға ауысқан.
Осылайша үлкейе келіп, мемлекет пайда болса, сол мемлекеттер
бір-бірімен жауласуы туады. Ал бір мемлекеттің ішінде өмір сүріп-ақ,
халық жауы деген ұғым жасаушылар да бар. Сонда қалай? Бұл-
билікке таласушылық. Ойлап қарайықшы: патшалы Россия ішінен жік
шығып, партиягершілік пайда болды. Әрқайсысы өз саясаттарын
насихаттады. Езуші, езілуші деп, екі топқа бөлді. Олардың көсемдері
кімдер екен? Езуші топты айтпай-ақ қояйық, езілуші топты
бастаушының өзі құр жаяу таптан шыққан ба екен? Ол да ауқатты,
Әлді тұқымнан шыққан адам. Бірақ уақытысында білім алып, топ
құрып, билік құмарлыққа көшкендер. Жеңіске ие бола бастағандары
халықты соңына ертіп, екінші жағын халықтың жауы санаған. Билік
қолына толық келген соң, екінші жағының бас көтерерлік адамдарын
нағыз жауыз санап, көзін жойған, жоюға тырысқан, қуғынға
ұшырытып, тіпті бірін-біріне айдан салу саясатын қолданған:
жапалақты тасқа ұрған, таспен жапалақты ұрған. Солардың ішінен
пысықайлау, елермелерін пайдаланып, өздерін өздеріне жау
көрсеткен. Сонымен, діннен де, ділден де айырылып, жойылып,
жойылуға айнала бастаған. Не деген қатыпезерлік десеңізші: билік
үшін бауырын (хандық кезінде) өлімге қиған, өлтірген. Қалған топты
қойша айдаған. Өзіміздің өмір сүрген кезімізді – ақ айтайықшы.
Бірінші дүние жүзілік соғыстың кезі, патшалы Россия құлап, совет
үкіметі пайда болу кезі. Халықтың жауы деп көптеген
саңлақтарымыздың көзін бірден жойып жіберді. Сондайлардың бірі
Мұстафа Шоқаев. Кешегі күні осы атты атауға да қорықтық емес пе?
Бүгін ше? Бүгін Алаш партиясының көсемі деп, оған ас беріп,
ескерткішін қойып, жер атауларын беріп жатармыз. Ішімізде
Хамелеондар баршылық. Кеше басқаша сөйлеп, басқаша саясат
ұстап, бүгін жалт етіп жүргендерден әлі тірілері бар. Мұстафа –
қазақ. Ал халқы үшін қайысқан жан. Білімді, алған білімін халқы үшін
жұмсауға тырысқан адам. Ол білімсіз, топас, жаулық ойлаған адам
болса, шет елге сыймас еді, қадірменді болмас еді. Енді совет
заманынын қоя тұрып, қайта құрылған егеменді ел болдық деп,
122
тақиямызды аспанға лақтырып, жүрегіміз жарыла айқайлап жүрген
кезімізге келейікші.
Қазақ халқының қаймағы деп айтуға келетін Олжас
Сүлейменов, Мұхтар Шаханов та ел басшыларынан толық қолдау
тапты ма? Олжасты “Аз и я” кітабы үшін көзін құртып жібере
жаздаған жоқ па? Сонда ол не үшін айыпты болды? Шындықтың
бетін көзге түртіп дәлелдегені үшін! Семейдің жағдайын көтергені
ше? Әрине, қолдаған болды, дегенмен, амалсыздан ғана, толық
қолдады деп мен өз басым айта алмаймын. Сол үшін де, бұл сотқар
арамызда жүрсе, халықты соңына ертіп, біздің былығымызды
бетімізге баса береді деп, бір шет елге, Италияға, алыс елге,
елшілікке жіберіп отыр деп санаймын. Оның онда емес, мұнда
тындыратыны мол еді. Көзге көрінбесін, сүйел сияқты болмасын деу.
Халықтың қамын ойлаған ерді халқы ұнатады. Сол келесі сайлауда
президент болып кетер ме екен деушілер де жоқ емес-ті. Шешіп айту
әбестік болар, бірақ ол теледидарда президенттікке таласпаймын
дегенді айтты ғой.
Мұхтар ше? Мұхтар – жайғана батыр емес, арқалы батыр дер
едім. Ол сөйлегенде арқасы қимылдап кетеді. Жұрт бұғып, тұншығып
тұрған кезде, айқайлап шықты емес пе? "1986 жылғы Желтоқсан -
1917 жылғы кіші Октябрь!" Бүкүл дүние жүзіне мәлім болды. Ал,
осыны жасаған, қазақ халқын басынған, арабы төбет ше?! Оны
қолдап, әлі сақтап келе жатқандарды ойлаңызшы!
Сол кезде де ішімізде ықпа, жоғары орында отырушылар болды.
Тіпті солардың сойылып соғып, халқын ұмытқан сатқындар да болды
емес пе?! Мұхтар болса, қайыспай қарсы тұрды, халқының намысы
оны қоздырып жіберді. Мұны да алыс болмаса да, бір елге, қырғызға,
елшілікке жіберді: Тынышталсын, сотқарлардың соңына түсе
бермесінге салды. Ол түсе берсе, олардың сүйенішінің көңіліне тиіп
қоларымызға басты. Әрине, мұны жасап отырғандарды мен
ымырашылдар дер едім. Демократия, шындық деп тұрған кезде,
тиісті адамдар еншілі сыбағасын алуы керек еді. Жазықсыз кетіп
барады емес пе!
Неге жазықсыз жандар жала жабылып, көздерін халықтың жауы
деген атақпен жойып жіберді??? Олар –озбырларға жол бермес, ел
ағалары, нағыз ел басшысы бола алатын жандар еді. Халықты
мәңгүрттендірсек, ашсақ алақанымызда, жұмсақ жұдырығымызда
болсын саясаты еді. Ұмыт болатын да, ұмытылмайтын да жайлар
болады. Сол жайсаң жандар өскен топырақта бұғып қалған
тұқымның барлығы. Бірақ ондайларды тек өз басының қамын
ойлаушылар әлі қақпайлауын қоймай келеді. Байыйық, кәсіпкер
болайық деп ұрандайды. Қайта құрамыз деп, бірлескен шаруа құрған
(колхоз, совхоз) кезіміздегі ата-бабаларымыз жиған-тергендерін
қайта бөліске салдық: бөліске ең алғаш ие болғандар тағы да стол
басындағылар. Аласысын алып болған соң, елдегі еңбекшілерге
бөлініңіздер деп жар салып, оларды бөлді. Олар не алды?
123
Жарамсыз, сілімтігін алды. Көптен ала алмай жүрген еңбекақысына
базар нарқынан жоғары бағаға мал берген болды. Еңбекақы-айлық
деген жоқ, сол кездегі шаруашылықтар үкіметке қарыз болып қалған
делінеді. Құрылыстар да сатыла бастады. Оның да жарарын қолы
жеткен иеленді. Бітпей қалған құрылыс біту орнына, талан-таражға
ұшырады. Көзі көріп отырған басшы жоқ, үйткені қоғам күйреген,