Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)

На нашем литературном портале можно бесплатно читать книгу Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ), Сагындык Алтынбекула-- . Жанр: Прочая старинная литература. Онлайн библиотека дает возможность прочитать весь текст и даже без регистрации и СМС подтверждения на нашем литературном портале bazaknig.info.
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
Название: Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
Дата добавления: 16 январь 2020
Количество просмотров: 101
Читать онлайн

Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) читать книгу онлайн

Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) - читать бесплатно онлайн , автор Сагындык Алтынбекула

Атамыз Алтынбек?лы Са?ынды? 1922 жылы ?ызылорда облысы, Шиелі ауданы, ?азіргі Балаби аулында туыл?ан. ?кесі о?у жасына жетпей-а?, шешесі 1936 ж. кайтыс бол?ан. Балалы? кезі, есею кезінде, ?мірді? таршылы?ын к?п к?рген. ?лы Отан со?ысынны? ардагері, б?кіл ?мірінде о?ытушы – ?стаз бол?ан. Мына о?ып отыр?ан «Бастап кешкен, к?з к?рген»деген атпен т?рбиелік м?ні бар ?нгімелер жина?ын да жаз?ан т?лімгер.

Внимание! Книга может содержать контент только для совершеннолетних. Для несовершеннолетних чтение данного контента СТРОГО ЗАПРЕЩЕНО! Если в книге присутствует наличие пропаганды ЛГБТ и другого, запрещенного контента - просьба написать на почту [email protected] для удаления материала

1 ... 5 6 7 8 9 10 11 12 13 ... 113 ВПЕРЕД
Перейти на страницу:

деген барлық кезде бір түрлі мінез - құлықты бола бермейді: бірде

көңілді болса, бірде көңілді болмай, ашу үстінде ме, әлде басқа бір

жағдайы келіспей тұра ма, әйтеуір, көңілсіздікте болу мүмкін. Қазақ

бекер айтпаған: «Ашу - араз, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос» деп.

Өзіңді үстай алмай қалатын да кез болады. Сол кезде небір қалайсыз

жағдайлар болуы мүмкін. Енді осындай жағдайға кеиін талдау

жасаған жөн. Алла айтқан дейді ғой: «Кім ашуынан қайтса, ол менің

пендем!» - деп.

Енді сондай жіберіп алған қателігін кім мойындаса, сол адам

түзеле де біледі деп есептеймін. Ал егер жіберген қателігін

мойындамаған адам еш уақытта түзілмейді. Сол бағытында қателесе

береді, азабын тек өзі көреді.

Қазақта тағы бір сөз бар: өз өзіне есеп беретін адам үш кісіге

билік жасай алады делінеді. Бұған да құлақ қойған жөн. Кеткен

кемшілікті уақтысында жөндеп, оны созбай, ұшықтырмай, дер кезінде

шешіп отыру әбзел болады. Жанұя мүшелерінің барлығының да

жағдайымен санасқан дұрыс."Асыл тастан, ақыл жастан" деген де сөз

бар. "Келісіп пішкен топ кең де болмайды, кем де болмайды" дегенді

ата-бабамыз бекер айтпаса керек. Әдейі істеген қателігін

25

мойындамаушының сүйеніші бар деген сөз шығады. Сол сүйенішін

тауып, соның тамырына балта шабу керек. Мұндай іске қоғам болып

жұмылып кіріспесе, жеке кісіге ол бой бермейді. "Жақынын жат

түтқандарға айтқан ақылың далаға кетеді".

Салмақсыз ауырлықтан айығуым.

Алланың тірі жаратқан пенделерінің ең артығы адам баласы көрінеді

ғой. Солай бала тұрып, сол құрметті атақты дұрыс алып жүре

алмайтынымыз да жоқ емес сияқты.

Ес біліп, есейген соң, үлкен –кішілігіне қарай әркімнің өзіне лайық

тірлігі, жүрер жолы болады деп түсінемін. Сондықтан ба деп те

ойлаймын, үлкен үлкендігімен, кіші кішілігімен лайықты ізгілігін жасауы

керек-ау деген ой мені шамалы уақыттан бері ойымды бөле берді.

Ақыры, сол ой ешкімнің ақыл-кеңесінсіз-ақ, өзінің жетелегеніне алып

барды:ел болған соң, ағайын-туыстың арасында ренжісіп қалу, керек

десең сөзге де келіп қалу деген болады. Ол кісілер өздігінен бір-

бірімен жараса қоймаса, ойларын кір басқан үстіне кірлене береді де,

кешірім орнына дақ сияқты молая береді екен. Осындай жағдайды

сол ренжіскендердің өз жағынан, өз ауыздарынан да есітіп қала

берген соң, осылардың ренжігендерін басу үшін татуластыру керек

деген ой мені мазалай бермесі бар ма? Бірін-бірі көрмей кетерлік жай

бола қойған емес. Үлкені үлкенмін деп кешірімге келмейді, үдей

түседі, кішісі ол да кішірею орнына қыңыр жақтана түседі. Туыстық

жағы менен әлдеқайда жақын.

Қазіргі жүрген жеріміз Түлкібасқа келгенбіз.Бір-бірімізді

шақырып, шүйіркелесіп тұратын кездеріміз болды. Сонда

алакөзденбей, шын көңілімізбен жадырап отыруымыз керек-қой деп,

Ұлы істің ұлы күні наурыз мерекесі келіп те қалды. Соның алдында бір

аяқ көже, бір кесе шай үстінде кінәлеспей татуластыруды ойладым.

Кішісін көндірдім-ау! Обалына не керек, сөзді бастағаннан-ақ

түсінді. Үлкенін көндіру қиын болмас деп ойлағанмын;оған барсам,

шіркіндердің (әйелін де қосып отырмын) топырағын бір жерден алған

екен, шалқақтайды-ау келіп. Тіпті ескіріп кеткен ренжісті жаңа

болғандай өршелене түседі. Құран кәрімде кімде-кім райдан бұрын

қайтса, Алланың жүзін сол бұрын көреді дегенді біле тұрып көнбейбі-

ау!

Татуласу үстенде ескі дау тұралы ешбір сөз болмауы керек те,

үлкеннің айтқанын тыңдап, қол алысуы керек. Ал, бұл болса, олай

емес: айтуы керек, құмардан шығуы керек, жеңуі керек.

Қазақта”Майыспасты майыстырамын деп әуреленбе” дегенді

оқығаным бар еді .Соған келіп тірелгенімді білдім. Сондағы

айтқаным :”Маған осы жұмысты ешкім де жүктеп отырған жоқ. Осы

елде ең үлкенің едім. Сол үлкендігім мені мазалай берді.

Туыстықтарың менің жекжаттығымнан әлдеқайда жақын. Мен

міндетімнен құтылдым”,- дедім. Сондағы оның айтқаны :” Ренжімеңіз”.

26

Ренжітіп алып, ренжімеңізге жол болсын! Қойшықара Салғаринның

“Көмбе”деген кітабынан мен сияқты біреулердің осындай іске

араласқаны айтылған екен:”Бір иттердің арасындағы өте ескі, көнеріп

кеткен дауларын басу үшін араға біреу түсіпті. Жақсы ит “Жарысайық”

десе, жаман ит “Таласайық” деп көнбепті. Ақыры бір ит, құмайы тазы

келіп, екеуін жарастырған екен”. Менің ойым-сендерге де осындай бір

тазы керек болар. Сонымен, иығымнан басып жүрген бір ауырлықтан

құтылдым ба деп, “УҺ!” демесім бар ма?

«Безерің жоқ , ағайын , азарың бар .

Болмашыға өкпелер ғажабың бар .

Наурыз келді жаңбырлы самал есіп ,

Дық сақтамай көңілге тазарыңдар !»

Семья (жанұя ) өміріндегі әдеп және психология.

1- ереже. Жұбайыңның ата-анасына өз ата-анаңдай қара,

солай қарауға тырыс. Үйткені қиын жағдайда бірін-бірі

кінәлаушылық кезінде өз көрінісін көрсетпей қоймайды.

Екі жақты ілтипаттылық – жұбайлық сүйіспеншіліктің

нығаюының кепілі.

2- ереже. “ Сенің әкеңе, шешеңе ұқсап” деген сияқты,

туысың ондай, мұндай сияқты сөзді қолданудан аулақ бол!

3- Ереже. Арадағы қатынастардан жаңылыстар мен

кемшіліктер іздемей, бір-біріңе пайда келтірерлік желеу

іздеу қажет.Жанұяның ересек мүшелерінің жасын,

тәжірибесін, білімін сыйлауды естен шығармаған жөн.

4- Ереже Жанұяның мүшелерін сыйлай, аялай біл! Үлкенін

аяп, кішісіне қамқоршы бол!

5- Ереже.Ойыңдағы мүддеңді ішке сақтап шірітпе,наразы

пікіріңді айтпай асқындырма!

6- Ереже.Үлкеніңе,қартыңа қайрылысып жүр.Мүмкіндігінше

олардың алдына келіп ,жағдайын біл.Олар көргенше

сағынады сені,сарғайтпа,қамықтырма ата-анаңды!

7- Ереже.Дүниеден өткен бауырыңның қабіріне барып,

Алладан оның рухына жақсылық тілей біл!

Сақтан, қазақ!

Кеңесбай Ертуғанов.

27

Сумаңдаған сұмнан сақтан,

Өтірік күлген қудан сақтан.

Жантайып жатқан бергіштен сақтан,

Жалған сөзге ергіштен сақтан!

Өз айтқанынан басқаға көнбегеннен сақтан.

Ақылдыға ермегеннен сақтан,

Қарыз алып, бермегеннен сақтан!

Құлқынның құлы құзғыннан сақтан,

Қаныңды көтеріп, қызғаннан сақтан!

Болдым деп масаттанғаннан сақтан,

Бой жетпеске жасақтанғаннан сақтан.

Парақорға асатқаннан сақтан,

Жақсы досқа тас атқаннан сақтан!

Жетесіз өскен кесірден сақтан,

Жез өкшелі жесірден сақтан,

Елін тоздырған көсемнен сақтан!

Көрші отырып ұрысқаннан сақтан,

Тоқ отырып тырысқаннан сақтан.

Жіктеп бөлгеннен сақтан,

Күреспей өлгеннен сақтан!

Сасқалақ әбігерден сақтан,

Жасанды дәрігерден сақтан.

Өзін сайлаған әулиеден сақтан,

Көз алдайтын әмбиеден сақтан!

Атомды атқаннан сақтан,

Серейіп қатқаннан сақтан.

Мезгілсіз жатқаннан сақтан,

Су түбіне батқаннан сақтан!

Ауруыңды елемей қор болғаннан сақтан,

Ауылыңның шетіне тор кұрғаннан сақтан.

Халықтың қамын ойламайтын,

Ел-жұртына сор болғаннан сақтан!

Арын сатқан, қанын сатқан,

Жанын сатқан, дінін сатқан,

Тілін сатқан, сатқындардан сақтан!

(«Дат»,2 қараша, 1998 ж.№30)

Сөзбен жауап қайтарудың керегі жоқ істер.

Халық аузында мысал ретінде айтылса да, шыңдыққа

үйлесімді бір әңгіме бар:таразының бір басына кішкене бір сүйек

салады да, екінші басына салып, керегінше ал дегенде, асыл

бұйымнан қанша салса да, әлгі сүйекті баса алмағандай. Сонда

сүйек жағына бір уыс топырақты салып жібергенде, сүйек жағы

қайқаң етіп, жоғары көтеріліп кетеді. Демек, тойдым, болдым, енді

еш нәрсенің керегі жоқ деп айту пендешілікте жоқ сияқты.Тым олай

бола берудің өзі ынсапсыздықты көрсетсе керек. «Ынсап сайын

1 ... 5 6 7 8 9 10 11 12 13 ... 113 ВПЕРЕД
Перейти на страницу:
Рекомендуем к прочтению
Комментариев (0)
название