Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)

На нашем литературном портале можно бесплатно читать книгу Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ), Сагындык Алтынбекула-- . Жанр: Прочая старинная литература. Онлайн библиотека дает возможность прочитать весь текст и даже без регистрации и СМС подтверждения на нашем литературном портале bazaknig.info.
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
Название: Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
Дата добавления: 16 январь 2020
Количество просмотров: 101
Читать онлайн

Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) читать книгу онлайн

Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) - читать бесплатно онлайн , автор Сагындык Алтынбекула

Атамыз Алтынбек?лы Са?ынды? 1922 жылы ?ызылорда облысы, Шиелі ауданы, ?азіргі Балаби аулында туыл?ан. ?кесі о?у жасына жетпей-а?, шешесі 1936 ж. кайтыс бол?ан. Балалы? кезі, есею кезінде, ?мірді? таршылы?ын к?п к?рген. ?лы Отан со?ысынны? ардагері, б?кіл ?мірінде о?ытушы – ?стаз бол?ан. Мына о?ып отыр?ан «Бастап кешкен, к?з к?рген»деген атпен т?рбиелік м?ні бар ?нгімелер жина?ын да жаз?ан т?лімгер.

Внимание! Книга может содержать контент только для совершеннолетних. Для несовершеннолетних чтение данного контента СТРОГО ЗАПРЕЩЕНО! Если в книге присутствует наличие пропаганды ЛГБТ и другого, запрещенного контента - просьба написать на почту [email protected] для удаления материала

1 ... 8 9 10 11 12 13 14 15 16 ... 113 ВПЕРЕД
Перейти на страницу:

жалынатын. Үйде жоқ,"-деп,-құтылушы едім,-дейтін. Сол келінге тап

болып еді. Үш баласы болғанда, ақыры, ажырасып тыныпты. Қазіргі

заманда келін алуға үлкен жауапкершілікпен қараған да жөн сияқты.

Сұрамай беріп, соттасқан бейбақ

Ол кезде жұмыс істейтін кезім. Үйге кіруім мұң екен, сізді мынау

үй шақырып кетті дері бар ма. Кідірместен көршім болған соң, кіріп

келдім. Үй іші толған адам, арқа-жарқа көңілді отырыс. Сәлем беріп,

бір шетінен келіп жайғастым. Үй егесі өте көңілді:-Мына жігіт те ініміз

болады-деп, аты-жөнімді айтып, таныстырып жатыр. Маған

таныстырып жатқаны денеге де, салмаққа да қораш емес жан екен.

Бас изестік те қойдық.

34

-Ал, құйыңдар! Тартып жіберейік таныстығымыз үшін,- деп

жатыр аққа жаны құмар жандар.

Рюмкалар соғыстырып, ішкені ішіп, ішпегені ишарат жасауда.

Қомақты келген болашақ жеңгеміз болуға үйді көре келген болып

шықты. Қолындағы ыдысты қалай босатқанын аңғармай да қалдым,

қабағын шытқан да жоқ, тек жұтынды да қойды. Бәріміз де көңілдіміз,

ән салынды, би де биленді. Жұмыс асығыс екен: келесі үй ас дайын

деп шақырып тұр (көршінің туған жиені). Мұнда да келдік. Дастарқан

жайнап, самауырын екі иығынан дем алып тұр. Енді бұл үйде “ақаң”

емес, қыздар ішетін коньяк екен. Ішкіліктің әуелгі бір- екеуі ғой жүре

қоймайтын. Бұған дейін бірнешеуі өтіп кеткен екен, тым пұлдану

деген болған жоқ. Не керек, бес шыны босап та қалды. Сол күні

ауылда концерт қоймақшы екен. Ауыл артистерінің машинасы да

келіп қалды. Келесі үйге бізді жеткізбекші. Жаңағы танысқалы келген

сұлу Түркестаннан ба, Кентаудан ба екен. Осындағы Әжімбеттің

үйіндегі әпкесіне келген екен. Көршіміздің әйелі өліп, жар құлағы

жастыққа тимей, іздеу салып жүріп тапқаны екен. Енді сол

әпкесінікіне бет алдық. Әпкесінің жолдасы менімен қатар еді, маған

жүр деп қолқа салды. Болашақ бажа бізден көп үлкен, оған жүр

деген сыңай білдірген жоқ. Ол жиенінің үйіне келерде галошты

аяғына суға салған екен, сол бойымен бірге шықтық. Кеш болды. Бұл

үйде де жұту жалғасты. Болашақ бажа қызып қалса керек. Бірталай

тиын-тебенді қалыңдыққа ұстатса керек. Уәделі күні Түркестанға

шақырылды. Ол елде тағы отырыс. Ол елге менің көршім күйеу

болайын деп тұр. Бұл отырыстың шығыны күйеу мойнында. Бұрынғы

бұрынғы ма? Ол жақта өздерінше олар бір әжептеуір топ екен. Қалта

қағылуға жақындайды. Елде менің көршім “молда”саналатын. Не де

болса, шүйке басқа қолын бір жткезгісі келіп, молдашалыққты кейін

тауып алармынға келген-ді.

Қолға тиген іштене жоқ. “Шапқанда байдың ұлы, тоқтағанда

түсер есіңе” болып, ертеңіне поезбен бір өзі қайтады. Кейін тағы да

бірнеше рет барады. Істің аяғы сұйыла береді. Тіпті, керек етпеуді

бастайды. Енді іші аши бастайды. Бергенін сұрауға қөшеді. Оған да

бірнеше рет барып , ала алмай жүреді. Арада арғы жағындағы інісі

бар екен, бұл жұмыспен хабардар екен. Енді әңгіме соттасуга

барады. Іс насырға шабатып болған соң, ондағы топ(шайка)

өздерінше заңға қайшы топ болған соң сескеніп, әйтеуір, олар беріп,

бұлар алып құтылыпты. Сонымен, жоқ іздеген іздеуін қоймай жүріп,

жоғын тағы оңтүстіктен табады. Іздеуші басы-қасына қарамай, бірақ

тууға жараса болды, ұзын етекті болса болады деп тұр. Тапқаны

өзінен екі мүшеліден де кішілеу біреу болып кездесіпті. Қазақта

“отырған ұрғашы орын табады” деген бар емес пе? Тым отыра

берген де емес, есік те, бесік те көріп үлгерген жан екен. Ұзын санын

кім білсін, кемінде екі-үш есік пе, қалай? Үй орманы, балашағасымен

үш бас болып келеді (соңындағысы екеу, қыз бала, екуі екі жақтан

35

пайда болған). Той жасалынды. Арқа-жарқа болдық та қалдық. Той

үстінде жақсы лебіздер айтылып жатыр. Сөз жеңгемізге берілді.

- Айтқандарыңды орындауға серт беремін! Келесі жылы, санай

беріңдер, уақтылы күні, 9 ай 9 күнде ұл туып беремін!- деді. Ду қол

шапалақтау! Көршіміз ыржиды да қалды. Ойпырмай, уәдеге берік

екен! Уәде орындалды. Женгеміздің тәжірбиесі өте мол екен. Оның

үстіне қартайғанда алған шалдың әйелі өкпе-бауырынан жаралады

деген тағы бар. Айтқаны мүлтіксіз орындалуда. Іс болған жерде

кемшіліксіз болмайды деген бар. Бірақ кемшілігі - өз бауырынан

басқаны ұнатпайтыны көп, ұзамай-ақ білініп қалды. Көрші болған соң

көзіміз көруде. Бізге не керегі бар. Отаны бөлек, ошағы бөлек болған

соң.

Кейде өз Отаны, өз әулесінен асып кетіп, шарпуы тиіп те кетіп

отыратынды шығарды. Тек осы жері ғана ұнамсыз болды.

Не керек, жүріп жатыр. Кей кезде ойыңа келетіні: "Есік

алдындағы жеті қазынасының біріне жататынның күнінен кейін ғой."

Амал жоқ. Уақыт өтіп кеткен. Көреріңді көрмей, көрге кірмейсің деген

осы ғой деген қорытындыға лажсыз келесің.

Қосылғанының қосағындағыларға келсек, "ұяда не көрсең,

ұшқанда соны аларсыңды" халық тауып айтқан: еріп келген екі қызы

анасының жолын қуып отыр. Бала болса бар. Жоғары оқу орнына

түсіріпті. Қандай қиыншылық болса да щыдай бағар әкесі. Тұяқсыз

кетпесем деген арманына көзі тірісінде жеткен сияқты.

Шалдарды шақырмақшымын

"Дұшпаның кемшілігіңді

іздейді, досың кемтігіңді

іздейді"

(халық

мақалы)

"Жас келсе іске, кәрі келсе асқа деген қазақтың мақалы

болушы еді, шалдардың батасын алайын деген екенсің ғой"- дедім,

бір құрбымның бәйбішесіне.

- Жоқ, батасы емес, біздің басымыздағы жайды білдіруге,

әшкерелеуге!

- Не бүлініп қалды?

Дәл осы орныққан жерге көшіп келіп, үй салып, жұмысқа

орналасқанына қалайда жиырма жылдың жүзін жасырған-ды.

Алғашқы келген кезде әрі бауыры, әрі өкшелес інісі болған соң, дәл

қазір жоқ, Марқұм болған, ол кезде беделді қызметтегі ағасы іш

тартып, қызметке орналастырған. Тіпті үйді де қасына салған, ішіп-

жемі бір деуге жақын. "Ағасы бардың, жағасы барға" салынды ма,

әлде дағдыға айналған әдеті ме, үйренген "ақаңнан" аузы бос болған

күні жоқ десе болады. Қызмет үстінде емес, қызметтен босасымен,

аяғын шалыс басып келіп жүрді. Бұл кезде біреуге тигізіп жүрген

36

пәлеңдей залалы жоқ. Бірақ үй шаруашылығымен жұмысы кем.

Үйінің көршісінің есігінің алдынан өтуші еді. Ол үйдің қарты ілуде

ішпей өтсе, "Қалайша бүгін сау келді!"- деп, таңырқанушы еді.

Дүниеден шалы да, оның үлкен баласы да кеткен кез еді.

Жеңгесі жесір қалды. Жас та емес, кәрі де емес. Дегенмен, он

баланың анасы. Жылын берген соң, әмеңгер інісі көршілес ағасына:

"Аға, жол менікі болғанмен, мен алыстамын, қасындасыз ғой,

жолымды сізге ұсынамын"- деген екен. – Үй болған соң ыстық суығы,

отын-суы деген болады. Соған бас-көз болуды міндетіңізге алыңыз –

депті інісі. Бұл кезде "Қ" "ақаңмен" қоштасқан кезі. Ұжымшардың

белгілі жауапты қызметкері еді. Тіл көмегін де, қол көмегін де

барынша аямай жүре береді.

Әдепкіде өз бибісі мұны теріс көрмейді. Екі жағы да жаман

емес. Жұмыстан уақытында келеді. Бұрынғыдай емес, шаруаға

қарайын деді. Ерте тұрады. Тіпті сиырды да саууға көмектеседі.

Бұзауды ұстап тұрып, байлайды. Сауған сиырды өріске айдайды.

Бибісі ішінен "тіпәй-тіпәй" көз тілден сақтай көр деп жүрген кезі

болса керек.

Бір күні үй оңаша еді. Абысыны мен келіні шай ішіп отырады.

Абысыны қалтасынан бір жапырақ қағазды шығарып,

келініне :"Мынаны оқышы"-дейді. Оқыса:"Анада інім не деп кетіп еді?

Құр босқа жүре береміз бе?"-деп жазған. Жазу кімдікі екені белгілі,

жазуды таниды. Сол заматтап бастап, келіннің ішіне мұздай бір

нәрсе кіріп кеткендей болады. Дәл ол жерде ештеңе де айтпайды,

1 ... 8 9 10 11 12 13 14 15 16 ... 113 ВПЕРЕД
Перейти на страницу:
Рекомендуем к прочтению
Комментариев (0)
название