Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)

На нашем литературном портале можно бесплатно читать книгу Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ), Сагындык Алтынбекула-- . Жанр: Прочая старинная литература. Онлайн библиотека дает возможность прочитать весь текст и даже без регистрации и СМС подтверждения на нашем литературном портале bazaknig.info.
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
Название: Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
Дата добавления: 16 январь 2020
Количество просмотров: 101
Читать онлайн

Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) читать книгу онлайн

Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) - читать бесплатно онлайн , автор Сагындык Алтынбекула

Атамыз Алтынбек?лы Са?ынды? 1922 жылы ?ызылорда облысы, Шиелі ауданы, ?азіргі Балаби аулында туыл?ан. ?кесі о?у жасына жетпей-а?, шешесі 1936 ж. кайтыс бол?ан. Балалы? кезі, есею кезінде, ?мірді? таршылы?ын к?п к?рген. ?лы Отан со?ысынны? ардагері, б?кіл ?мірінде о?ытушы – ?стаз бол?ан. Мына о?ып отыр?ан «Бастап кешкен, к?з к?рген»деген атпен т?рбиелік м?ні бар ?нгімелер жина?ын да жаз?ан т?лімгер.

Внимание! Книга может содержать контент только для совершеннолетних. Для несовершеннолетних чтение данного контента СТРОГО ЗАПРЕЩЕНО! Если в книге присутствует наличие пропаганды ЛГБТ и другого, запрещенного контента - просьба написать на почту [email protected] для удаления материала

Перейти на страницу:

қалайда осы жағдайды пайдаланып, айып деп бірдеңе алу. Бір

бөлмеде үшеуіміз ғана отырмыз- құда, мен және оның баласы.

Өмірдің жолдарын жан-жақты айта келіп, баланың уәдесін алдым:

Қайталамауды, енді жоламауға серт бергіздім. Бұл-демалыс күні еді.

Мен жұмыс істеп жүрген кезім. Күні ертеңге аудандық сот шақыртқан

екен, бармаса, іс қиынға айналады. Төркініне кетіп отырған келінін

білетінмін. Құдама: «Келініңді аласың ба?» -десем, «қосатын адамды

мен таппай отырғаным жоқ па!»-деп, көзіне жас алды.

Сонымен, баланы ертіп алдым да, машинасы бар болатын,

кеткен келінін әкелуге жол тартық.Бардық. Құдамның келіні маған

қыз алыспайтын ағайыннан.Барсақ, қыздың жеңгесі бар-ды, ағасы

үйінде жоқ. Үш баласы біз барғаннан жаутаң-жаутаң, әкесіне жолай

қойған жоқ, кет әрі емес. Қарындасымыз селқос амандасты да

қойды. Жаңадан құда түсуге келгеніміз жоқ қой. Өмірдің жолын,

теріс, бұрысын қалдырмай айтып шықтым: мына үш баламен

жеңгеңнің қолына сыймайсың.Саған күйеу табылғанмен, мына үш

бірдей балаға әке табылмайды. Бүлініп қалған пәлендей нәрсе жоқ.

Атаңмен мына қосылған жолдасың Отаныңа баруыңды қалайды.Не

керек, өзімше ақыл боларлық-ау дегеннің бәрін айтқан болдым. «Бұл

жағдай қайталанса, сенің сөзіңді сөйлейтін қамқоршы өзім

боламын»-дедім. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады»

дегендей, жеңгесі де босаңсыды. «Ағасы үйде жоқ еді» деген сияқты

сөзге келді. Не керек, келісімге келтіріп, далаға шықтық. Балалар

17

шешесімен машинаға да отырды. Осы кезде отаны бөлек қыздың

бір ағасы автобустан түскені сол екен, менімен амандасып, мына

жағдайды түсінді. Ашу бар, бірақ менен кіші болған соң, бата алмай

тұр. Ертең болатын сотқа баруға келген екен.

- Неге бұл араға араласасыз? – дегені ғана болды. Сонымен, құданың

келінін үйіне әкелдік. Ертеңіне сотқа бару керек емес пе? Мен

мотоциклмен барғанмын «Сотты да өзім тындырамын» - дедім

құдама. Соттың шақыру қағазын қолыма алдым. Баланы

қайнағаларын ертіп келуге машинамен жібердім. Мал сойып жатыр.

Ауыл – аймақты шақырып, батасын алу рәсімі жасалмақшы. Бұл -

жұмыс күні болатын. Айдап отырып, аудандық сотқа келіп,

хатшысына жолықтым. Шақыру қағазын ұсындым. Бетіме қарап:

«Осы адам сіз боласыз ба?» - деді. – Жоқ. Мен бұларды қосып

келдім. Мал сойылып жатыр. Халықтың батасын алмақшы, ағалары

да сонда. Сендер ажыратасыздар ма, қосасыздар ма? – дедім. –

қосатын болсаңдар, іс бітті, олар келмейді. Келмегені үшін айыпқа

тартпаңдар. Сол үшін келіп тұрмын, - дедім. Бала қайнағаларын

шақыруға барғанда, кеше айта алмағанын, оңашада айтып, бір

құмардан шыққан сияқты. Келді, ас ішілді. Пәлендей артық сөз

айтылмағанымен, желке күжірейтіп тұрғаны байқалды. «Өз қолыңды

өзің кесе алмайсың» дегенді осындайға айтса керек. Кетерінде

құдам: «Менен қайтуы болмас, мына отырғанымды көріп отырсың,

айналайын, құдайдан қайтсын, ісіңе ризамын!» - деп, көзіне жас

алды.

Көп ұзамай, құдам да дүние салды. Ал, қосылғандар бәрін ұмытқан.

Балалары өсіп, жігіт болған. Мені көргенде жалпылдап амандасып

тұрады. Болған жағдай есіне түсетін шығар. Бір күн сұраусыз

жұмыстан қалғанымды бастығыма айттым. Бұл сияқты жұмыс тастау

менің басымда болмайтындығын біледі. – Науқастанған ғой деп едік, -

деді.

Өзіме тетелеу, сіз – бізі менімен баршылық елде бір ініміз бар.

Айтуынша, әкесі менің әкемнен үлкен болса керек, қазір де жоқ,

шешесі бар. Қарт әрі ауру. Негізгі мамандығы – машина жүргізуші,

шофёр. Мен бұл інімді білгеніме дейін де бір – екі некелі болған

көрінеді. Мен де 2 – 3 некелі болғанынан хабардармын. Жолы болмай

ма, әлде төсек жаңғырту деген әдетке айналды ма, алғашқыларының

себебінен хабарсызбын. Білейін дегенім де жоқ. Оның маған қажеті де

жоқ. Соңғы екі некесі тұралы хабарым бар. Бұл інім туралы «Мөрсіз

анықтама» деген бір әңгіме де жазғанмын. Сол мөрі жоқ анықтама

жазушы осы ініміз. Әңгіме сол кездегі жолдасы туралы болмақшы.

Сырттай ғана, әйелі төркініне кеткелі біраз уақыт болды, шешесі

науқас әбіржулі екен дегенді есіткенмін. Екі қарындасы да тұрмысқа

шыққан. Бір елді мекенде тұрамыз. Үйіміздің арасы бір шақырым

шамасы. Бір күні маған: «Ертең келінге барамыз», - деді ол - әкелеміз

бе? – дедім мен. Жоқ, әкелмейміз. - Әкелмесең, мен бармаймын.

Байқайтынмын, тіл арқылы бетке келуді әдетке айналдырған – ды.

18

«Егер құда келген екен деп, ың – шыңсыз қарсы алса,

әкелеміз» - деймін мен. Ол: «олай болмайды, дағдыға басып, кінәласу

болады» - дейді. Олай болса , қалады. Ал, жанжал сөз болмаса, алып

келеміз, - дедім мен. Қасымызда қартаң тартқан жақын бір ағасын да

ерте шықты. Бұл кезде бұл ініміз Шыншабайдың – ақпанбеттің досы,

бір – екеу оған жүк те болмайды. Поезбен ауданға жеттік. Сонда

тұрады, әкесі жоқ, шешесі бар. Әпкесі тұрмысқа шыққан, бөлек

ауылда тұрады екен, інісі бір ауылда есепші. Демалыс күні. Келдік.

Үйінде шешесімен өзі, қарсы алды. Құдағи ауылдағы науқас

шешемізді, құдаларды сұрап жатыр. Менің бұл үйге бірінші келуім.

Ауылдық жердегі бажасы мен қайынбикесі де базарға келген екен. Біз

барғанда олар базарға кетіпті. Шай қойылды, тамақ та істеліп жатыр.

Бір кезде базаршылар да келді. Тамақ ішілді. Енді жүруіміз керек.

Келін киім - кешегін дайындай бастады. Бір кезде балғадай қолымен

ініміз мені түртіп қалып, далаға ымдады. Шықтық. Әкетпеймізге басты.

Мен келіспей бақтым. Сумкасын алып, келін де шықты. Құдағи сәлем

айтқан болып жатыр. Шофёр болған ініміз мені сүйрей жөнелді. Сол

маңда магазин бар – ды. Бағана келе жатқанда, ол жабық еді.Бір

тәуірі әлі солай екен. Біз екеуміз алдамыз да, келін қайнағасымен

қатар келе жатыр. Магазинге кіріп, жұтып алса, онда ешкімді де

тыңдамаудың әрекетін қарастырып келеді.

Не керек, күн кешкірген кез еді, ондай нәрсе табылмады. Осы

елді мекенде үлкен қарындасының үйі бар болатын. Сонда келдік.

Поезд түн ортасы ауа келеді. Кішкене жатып, поезға да келдік, міндік.

Ағасы өз ауылына өтіп кетті де, біз үшеуміз ауылдан түстік. Ерлі -

зайыпты адамдардай әңгімелеспейді де, жуыспайды да. Осқырып

қарап, қайда келесің деуге оқтайлана береді. Екеуміз күңкілдесіп

сөйлесіп, алда келеміз. Маған ол: «Керегі жоқ, алмаймын!» - деп

қояды. – Болмайтынды айтпасайшы! Деп, мен айтамын. Әрі – бері

болмаған соң, «Онда сен қалағанынды ал, мұны керексіңбесең біздің

үйдегі жеңгеңді ал!- дегенге шықтым. Енді шамалы қойғандай болды.

Мына алдағы жол айрықтан ол өз үйіне, мен өз үйіме қарай бұрылуым

керек. Ойланып келемін: «Қайт кейін, ерме маған!” – десе, анаусы қай

күйге түседі. Табан астынан оған да тәсіл таптым:шешесінің қолын

алып-ақ үйге барамын. Кетерде ол кісіден сұрағанымда, келінімді

алып келіп бер деген болатын. Үйіне де бардық. Құдағиының сәлемін

айттым. Ал, келін болса, енесіне сәлем жасап, өз үйінің адамындай

тірлікке кірісіп жүре берді, состиып тұрмады. Шай қоймақшы болып

еді, демалайық деп, оған келісім бермедім. Әйтеуір, бірдеңелерді

сылтауратып, кемпірмен әңгемелесіп, стулда отырмын. Інімнің оған

қоятын бір ғана кінәсі-тумайды деу еді.

-Әлі жас қой, дәрігерге көрінсін,- деудемін. Үй бір бөлмелі болатын.

Келіннің шымылдығы сол баяғы құрулы күйінде екен. Төсек сала

бастады:баяғы жас келіндерге салынатын төсектей, орысшылап

айтқанда, бір жарым адам сиярлықтай етіп салып жатыр. Бәрін

байқап отырмын. Ініміз төсек қасына қисая кетіп, шешіне бастады.

19

Менің сонша отыра беріп, жесірім түсті ме, қоштасып кеттім. Өмір

деген өтіп жатты. Облысқа барып, дәрігерге көрініпті, кемшілігін

жөндетіпті. Оның бәрін ініміз айтады емес пе. Дүниеге бір ұл перзент

Перейти на страницу:
Рекомендуем к прочтению
Комментариев (0)
название