Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)

На нашем литературном портале можно бесплатно читать книгу Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ), Сагындык Алтынбекула-- . Жанр: Прочая старинная литература. Онлайн библиотека дает возможность прочитать весь текст и даже без регистрации и СМС подтверждения на нашем литературном портале bazaknig.info.
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
Название: Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
Дата добавления: 16 январь 2020
Количество просмотров: 101
Читать онлайн

Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) читать книгу онлайн

Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) - читать бесплатно онлайн , автор Сагындык Алтынбекула

Атамыз Алтынбек?лы Са?ынды? 1922 жылы ?ызылорда облысы, Шиелі ауданы, ?азіргі Балаби аулында туыл?ан. ?кесі о?у жасына жетпей-а?, шешесі 1936 ж. кайтыс бол?ан. Балалы? кезі, есею кезінде, ?мірді? таршылы?ын к?п к?рген. ?лы Отан со?ысынны? ардагері, б?кіл ?мірінде о?ытушы – ?стаз бол?ан. Мына о?ып отыр?ан «Бастап кешкен, к?з к?рген»деген атпен т?рбиелік м?ні бар ?нгімелер жина?ын да жаз?ан т?лімгер.

Внимание! Книга может содержать контент только для совершеннолетних. Для несовершеннолетних чтение данного контента СТРОГО ЗАПРЕЩЕНО! Если в книге присутствует наличие пропаганды ЛГБТ и другого, запрещенного контента - просьба написать на почту [email protected] для удаления материала

1 ... 7 8 9 10 11 12 13 14 15 ... 113 ВПЕРЕД
Перейти на страницу:

алмайды: үйткені ісі оған күн сайын түсіп тұрады. Әбден мезі

болған арнайы шофері кездесе қалады.Жұрт жұмыс уақыты

бітіп, үйді-үйіне кетіп жатқан кез. Аспанды қалың бұлт басып

келеді, аздап сіркірей де бастаған. Шофер машинаның әр жерін

түрткілеп жүр. Сондағысы жаңағы “Қ” қарамай кете ме дегені

екен. Жоқ, ол “Қ” кабинаға жайғасып отырып алған.Күн батады,

әлі отыр. Әбден мөлшеріне келіп алған, тілі күрмеліп отыр. Қой,

енді болмас деп, машинаны қоттан жүре бастайды. Ол қалғып-

31

мүлгіп отыр. Ауылдың көшелерін айналдырып келіп, келдік,

түсіңіз дейді.

Сол арада аздап көзі ілініп кетсе керек. Қолтығынан ұстап,

өз үйіне кіргізеді де, есікті жауып, зытып береді.

Әйелі алдынан шығып, күнделікті таныс”Құрметті

қонағын”қарсы алады.

-Мәлік үйде ме? –дейді”Қ”

- Үйде, -дейді әйелі.Әйелінің даусын танып қалып:

-Ай, ай! – деп, сыртқа сүріне-жығыла шығады. Әйелі де

ере шығады. Жібере ме есірігін. Шықса, далада машина жоқ.

Жауын себелеп жауа да бастаған. Лажсыз үйге келеді. Әйелі

шешіндірейін десе, шешінбейді.

- Қайда барасың? –Мәліктікіне,-дейді”Қ”. Әйелі

жібермейді, ол көнбейді. Үйде балалар болмаса керек. Пештің

үстіне пісіруге қойған сүт бар екен. Сол тасып, төгіліп жатса

керек. Исі шығып бара жатырған соң, әйелі сүтке ұмтылады.

Шынжырдап босанған “Қ” сыртқа асыға шығып кетеді. Келсе,”Қ”

шығып кеткен. Әйелі аяғына ілінгенін кие сала, киім ілгіштен

жеңіл-желпі бір киімді қолына ұстай, соңынан ере шығады. “Қ”

көшеге шығып кеткен. Жер батпақ болып қалған. Айқайлап

атын айтып шақыруға елден ұят. Күнде болмағанмен, күнара

осы жағдай болып тұрады. Сылпылдап соңынан жетемін

дегенше, “Қ” ұзап кетеді. Әйелі еріп келеді. Көріне көзге мына

жауында калай жібермекші.

Бір кезде алдында қараңдан бара жатқан “Қ” көзден ғайып

балады. Сүйтсе, арықтың жағасында терең жап бар екен, соған

түсіп кетіпті. «Қ»-ның қасына жұбайы да орналасады. Әрі

үгіттейді, бері үгіттейді, көнбейді. Жаңбыр өтіп барады.

Дауыстары қатты емес, сыбырласып сөйлеседі. Сол бағытта

түнделетіп кетіп бара жатқан Мырзатай Талманов (марқұм

болып кетті) бір сыбырды есітіп:-ойпырмай, жастар деген

қызық-ау, осы жаңбырдың астында махаббаттарын айтып тұр-

ау!-деп тың тыңдайды. Сүйтсе, дауыстары таныс сияқты.

-Жүрсейші үйге, –дейді әйелі.-Балалар қайда кеткенімді білген

жоқ еді, елегізиді ғой! Ана кішкенесі жылайды ғой!- дейді.

Сонда да көнбейді. Енді сөз ренжісуге қарай бет алады. «Қ»

айтады:-Мен поезға барып басыламын, балаларыңа бар,

қорқады ғой! Маған өмірдің керегі жоқ!- дейді. Сүйтіп тұрып,

қамқорлығына жол болсын!

Әйелі:-Маған баланың керегі жоқ, мен сен деп келдім. Әйтпесе,

үйімде отырмас па едім. Сенің басылған дөңгелегіңе мен де

басыламын!- дейді. Шіркіндердің махаббаттарының күштісін-ай!

Осылардың сөзін тыңдап тұрған Мырзатай жауынның өтіп бара

жатырғанына шыдай алмай, жүріп кетеді. Не керек, ешкім де

поезға басылған жоқ. Жан керек болған соң, үйіне келген-ау.

32

Келмесе, осы күнге дейін жүрмес еді.Қазір сол «Қ» ақпанбетпен

араз. (Тірі кезінде Мырзатай айқан еді).

Сухой қайнаға

Сөз сол ревизор жайлы.

Ешкім зорламай-ақ, «Қ» ақпамбет досымен ажырасып жүрген кезі.

Көп жылғы жолдасы есіне түсіп кеткенде, емшектен жаңада

шығарылған баладай, аңсары ауып магазинге кіріп барғанын білмей

де қалып жүрген кезі. Ағын қойын, қызғылттауына бой ұрады. Оны

да көрсетпей, өзінен өзі жасырған ғой, кісі көре бермейтіндей қуысқа

кіріп жұтады екен. – Мынау біреу «сухое вино» екен ғой. Жемістің

суы ғой жазуында –деп, ішіп те жүреді. Ішетін орны магазиннің ішкі

жағындағы қойма іспеттес бөлме екен. Бір күні келсе, ол ішімдік жоқ

болып шығады. Кім білсін, Ақша төлемей ішетін болған соң, дүкенші

көзін жоғалтқан болар. «Қ» келінінен: -Мына жердегі қайда?-дегенде,

келіні: «Сухой қайнаға жоқ»- демесі бар ма.

Бірде сол дүкенге барсам, өздерінше келіндер сөйлесіп түр екен.

Сол «Қ» магазинге соқпай бара жатырғанға, «Сухой қайнаға» соңғы

кезде мұнда көп кірмейтін болды-ау демесі бар ма. Бұл сөзге мен

кейін барып түсіндім.

Күбі құшақтаған уәкіл

«Ерте-ерте ертеде, ешкінің жүні бөртеде»-деп басталатын

ертектердей, ертеде, Ұлы Отан соғысының аяқ кезінде елде ер

кісілер азайған кезде болған уақиға екен.

Ауданнан ауылға уәкіл келеді. Қазіргідей емес жаяу ма, жол-жөнекей

астық тасыған арбамен бе келеді екен. Ол кезде елде қожа көп те

(басында сәлде болмаса да, жаулықтылар мол), қаралар бірең

сараң ғана болатын-ды. Еркектердің ұшпаққа ұшып тұрған кезі. «Ұят

онға бөлінеді, тоғызы төмен етектілерде де, біреуі еркектерде»-

дегендей, жұмыс та екі түрлі болады екен:бір жұмыс бар күндізгі, бір

жұмыс бар түндегі. Сонымен, күндізгі жұмыс қожаларға берілген бе,

түнгі жұмыс қараларға тиген кез болса керек-ті. Жұмыстың

ауырлығын айтпаңыз- бәрі қолмен орындалады. Жатын орын да

жайлы емес, қос басы ма, далалық қоныс па жата кетеді. Осындай

бір кеште, ауданнан келген уәкіл де, контор маңында істейтін қыз-

қырқын да «штаб» деп аталатын үйге орналасқан-ды. «Ақыл онға

бөлінеді, тоғызы еркектерде, біреуі төмен етектілерде болады-мыс»

дегендей, ақылы асып тұр ма әлде ақылы азына жолығып тұр ма,

әйтеуір, бір іс басталып кетіпті. Күндіз еңбек адамы шаршап, ұйқыға

кетті-ау деген мезгілде «ойын» басталады. Қу немелер, жарықты

сөндірмей тұрған кезде, жатқан орындарын басқа орынға тез

ауыстыра қояды. Бір кезде бір суық қол аяқты жыбырлатады. Ол

аяғын тартып алады. Тым-тырыс. Тағы қимыл басталады.

Орындарын ауыстырғанның бірі талайды тақырға отырғызған әйгілі

33

айлакер екен. Сол «Қожа» «Қара» жақындағанда, далаға деп

қолымен ымдайды. Оған ол көне кетеді .Сол кезде жаңағы айлакер

босағада пісіп алған толы айраны бар күбіні әлгінің жолына қоя

салады. Оп-оңай көне қойды деген байғұс күбіні құшақтай-мұшақтай

есікке қарай құламасы бар ма!Ұйқысы сергектері оянып та кетеді.

Шам жағып қараса, төгілген айран аппақ болып ол жатыр,

төңкерілген күбі ол жатыр. Қарбалаңдаған біреу есік жаққа

шыққандай еді, сол кеткеннен әлі кетіп барады. Ұйқысы қаттыдай

жаңағы қу орнында оянбаған адамдай, пысылдап жатса керек.

Таңертең тұрғанда, ауыл адамдары түгел. Сонда қалай болғаны?

Біреуі тұрып: -Е, уәкіл уәкілдігін істеген де! Несіне таң қаласыңдар!

Оның бір міндеті тексеру емес пе!-депті. Осыны мақтанғандай етіп,

жасы менімен шамалас, кезінде бас есепшілік жұмыста болған, ұят

бөліскенде, ұяттың тоғыз бөлігін алған адам өз аузынан айтып еді.

Дәл соған да 51-ақ жыл болыпты-ау. Қазірде ол ол дүниелік болған.

Кімге кім???

Осы соңғы кезде қосылып жатырған жас жұбайлар кімнің кім

екенін әріден қарастырмай-ақ, тез үйленуге тырысады. Оларды екі

топқа бөлер едім: Әрине, өздерінің аттарын әуелде-ақ біледі. Енді

фамилиясын сұрасады. Шамалыдан кейін кімі барын біліседі.

Солардың бірі әке-шешені "Асқар тау,ақыл дария, айдын көл, арқа

сүйерлік ұстын" санаса, екінші біреулері "овчаркаң" жоқ па,

"Сүйретпең" бар ма?, "Өлімтігіңнен нең бар?" деп танысатыны да

кездесіп қалып жүр. Осы кеше, жақында ғана, біздің елде тым өсіп-

өніп, бұтақ жая қоймаған бір бейбақтың екі келіні ғана болатын-ды.

Соның үлкені:-Кіші келін Түркестанға көшетін болса, онда мен екі

гаршокты бірдей төге алмаймын!"-депті. Жетілгені ғой, шіркіннің!

Хабарым бар болатын-ды. Баласына қосылмай тұрғанда,

телефонмен шақырып, түн мезгілінде тыным бермейді дегенді осы

болашақ келіннің атасы айтушы еді."Кейде мен қыздың дауысына

салып, қыз да болып сөйлесемін. –Телефонға шақыршы,-деп

1 ... 7 8 9 10 11 12 13 14 15 ... 113 ВПЕРЕД
Перейти на страницу:
Рекомендуем к прочтению
Комментариев (0)
название