Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) читать книгу онлайн
Атамыз Алтынбек?лы Са?ынды? 1922 жылы ?ызылорда облысы, Шиелі ауданы, ?азіргі Балаби аулында туыл?ан. ?кесі о?у жасына жетпей-а?, шешесі 1936 ж. кайтыс бол?ан. Балалы? кезі, есею кезінде, ?мірді? таршылы?ын к?п к?рген. ?лы Отан со?ысынны? ардагері, б?кіл ?мірінде о?ытушы – ?стаз бол?ан. Мына о?ып отыр?ан «Бастап кешкен, к?з к?рген»деген атпен т?рбиелік м?ні бар ?нгімелер жина?ын да жаз?ан т?лімгер.
Внимание! Книга может содержать контент только для совершеннолетних. Для несовершеннолетних чтение данного контента СТРОГО ЗАПРЕЩЕНО! Если в книге присутствует наличие пропаганды ЛГБТ и другого, запрещенного контента - просьба написать на почту [email protected] для удаления материала
сарт ете қалады. Жалғыз өзі жеке көлігіндей жайғасып отырып та
алады. Енді кеменің капитаны іспеттес команда да беріледі. Баратын
бағытына қосымша жолаушы алуды қажетсінбейді де. Баратын
аулына барады. Онда неге барғаны өздеріне ғана белгілі, оны
сұраушы да жоқ. Түннің жарымында зырғып келе жатып, көліктің оң
жағының шарабойы кетеді.
Жолдың оң жағындағы бір ағашқа соғып, машина аударылады:
жезөкше түрлі жарақат алған бойында жан тапсырыпты да, солақай
да сау емес, ауыр жарақаттанған, машинадан шығып қалған. Таң
атқан соң, жолаушылар көріп, тиісті орнына хабарлаған. Машина
талқанданған, полициялар тиісті орынға алып кеткен. Өлгеннің,
жарақаттың қанын алу, зерттеу, тергеу жұмыстары ізін суытпай жүруде
болады. Болған уақиға оңтүстік қана емес, солақайдың туыстарына
тегіс хабарланады. Көлік егесі жағы қайткенде де айыпты деп
саналатын жай бар. Қазақшылық жолмен қазалы үйге он екі мыңның
затын (қой,ұн, ақшалай) алып барып, бас июде. Ол күні Вертолет
солақайды бұрыннан білетінін айтып, одан көрмейді, бұл маған
істелінген «заказное убийство» деумен болды. Ондай айғақ боларлық
ешнәрсе таба алмай, ақырында, танимын, білемін деген солақайына
193
жабысуға бет бұрды: үшінші рет кешірім қағаз алуға барғанда: «Мен
қызымның жан тапсырған жеріне белгі қоюым керек. Қызымның
қырқын, жылын беруім керек. Оған дейін қызымды жерлеген жеріне өз
дәрежесінде там соғуым керек» - деп бір қойды.
Солақай болса, бұл кезде ауруханада. «Қыз өледі, бала неге
өлмейді» дегенге бассын. Вертолеттің күйеуі шофер болған адам
екен. Ол: «Менде де осындай жағдай болған. Шарабой шығып кетіп,
қасымдағы өлді, мен есік ашылып кетіп ұшып кетіппін» - деді. Бұны
әйелі ұнатпады. Отырып – отырып, күйеуін сыртқа ертіп кетті. Сәлден
соң жалғыз өзі Вертолеттің келіп: «Мен аузымды ашсам, айқара
ашамын. Менің шығынымды өтейсіңдер. Төрт жүз мың теңге бересің.
Балаңды соттатпаймын, ол менің қолымнан келеді. Бүкіл облыс мені
тыңдайды» - демесі бар ма? Мына соманы есіткенде, тұншығып қала
жаздадық. «Бүкіл үй – орманымды сатқаныммен, бұл қаржы менде
жоқ» - деумен ғана шықтық. «Ойланыңдар» деп, қырқының жасалатын
күнін де айтты.
Содан біз олай қарай баруды қойдық. Вертолеттің бұл ісін, сөзін,
заң орындары да білді. Олардың айтатыны: «Сол әйелді
тындырыңдар. Келесі жағы қиын болмайды» - деу.
Солақай болса, ауруханадан ауруханаға ауысуда, ауыр
операцияда жасалуда. Бәрі жатқан шығынға алып барады.
Ал, машинаның апатын зерттеушілер ше? «Өлеңді жерде өгіз
семіреді, өлімді жерде молда семіреді» дегендей, заңгерлердің
әрқайсысының өз ставкасы деген бар екен. Мәселе істі зерттемейді,
ставка берілуі керек. Іс соған қарай шешіледі. Қанның анализіне үш
жүз доллар, машинаның ақауына мың доллар міндетті түрде керек
болды. Ал тергеушінің жазу жұмысы өз алдына. Бұл сумма бізде жоқ.
Тым – тырыспыз. Кездескенде, тергеуші: «Неге келмейсіңдер,
экспертизге неге бармайсыңдар?» - деп қояды. Оған бізде жағдай жоқ.
Ақырында, машинаның ақауы жоқ, жүргізуші ішкен деп айыптау
қорытындысы келді. Вертолетке ел ішінде таныстары «Қызыңның
өлігін сатасың ба, сонша аузыңды ашқаның не?» деушілер мол
болғандай. Енді ол Солақай қайтып келмей кеттіге басыпты. Келуімізді
күтетіндей. Тағы да 3-4 рет барудың аяғында, жиырма мың алып,
кешірім қағаз берді, сөзінде айыпты деп санамайды. Аудандық сотта
іс қаралды. Солақай үш жыл еріксіз, екі жыл айдаушылық (шоферлік)
еркінен айыру, бір жыл бұл жерден басқа жерге кетпеу жазасы берілді.
Жылына дейін қыздың шешесіне қазақшылық жолына көмектесу
делінді. Дәл осы істің болар күні солақайдың әкесінде жүректің
приступы – «крупноочаговой инфаркт миокордия левой стенки острая
стадия» диагнозы пайда болды. «Баланың салмағы - білікке, күйігі –
жүрекке түседі» болды.
Жетінші түйсік
(«Жазагер жады космоформуласы» атты романнан)
Үйленіп отау көтердің, мінекей, сен де, балақаз,
194
Тірліктен, бірақ, жарқыным, үйленбей кеткен адам аз.
Сен түгіл қасқыр қасқырмен, маймыл мен маймыл жұптасқан,
Өз теңін тапқан соң ғана адымын олар нық басқан.
Ойын мен ісің – жаңғырық, кейде оған түйсік жетпейді,
Әйел ап, бала тудыру ақылды қажет етпейді.
II
Күнделік құмар сезімді өрілгені үшін отпенен,
Шатастырып алдық, құдай-ау, біртуар махабатпенен.
Алдану , сірә, түк емес, бұлтақсыз, бұлтсыз шақта да,
Үйлену деген, қарағым, алғашқы баспалдақ қана.
Ата-анаң, үрім-бұтағың, бәрі де сені тұр қолдап,
Бастысы – сұлу жұбайың өзіңе ертең кім болмақ?
Махаббат – қайсар заңғар шың, кез келген өрлей алмаған,
Он мыңнан, бәлкім, екі адам үмітін зорға жалғаған.
III
Содан ғой, сансыз кеудені жалғыздық дерті торлаған,
Қаншама заңғар тұлғалар қанатсыз жардан сорлаған.
Тұрмыстың түрлі сынынан сүрінбей өтті десе де,
Жұбайың досың бола ма? Міне, бұл басты мәселе.
Не бермек тәннің одағы? Жаныңа жаны қосылмау,
Бұл – нағыз бедеу қасірет, қосылмау деген – ашылмау!
Гүл болып ашылмағанның тілегін кім бар жақтаған?
Рухы қосылмағанның сезімі шаттық таппаған.
IV
Рухы қосылмағандар – жалынсыз, сәнсіз, жақұтсыз,
Сондықтан мына жалғанда екеудің бірі – бақытсыз.
Сондықтан махабаттың да сырт санын құрайтындар көп,
Жай көзге күліп жүргеннен жасырын жылайтындар көп.
Тағдырдан қашу мүмкін бе, жүрсең де қандай жолменен,
Бір мәнді сұрақ алдыңда тұрады ылғи көлденең.
«Жұбайың досың болды ма самғатқан сенім шырайын,
Нақ сондай ұлы бақытты берді ме саған құдайым?
V
Ойнай ма оның көзінде сезім мен рух жарқылы,
Ұға ма ол шаттық – мұңыңды жетінші түйсік арқылы?
Ұқпаса ... ісің секілді дауылда мұзға жаққан от,
Рухани терең түйсіну жоқ кезде махаббат та жоқ.»
195
Мінез жасауға қосылатындар:
Ыстық күн сәулесі, бұлақтың тазалығы, гүлдің әдемілігі мен
биязылығы, күздің жомарттығы, сүйіспеншілігі, аққудың адалдығы,
хамелеонның өзгергіштігі, желдің тұрақсыздығы, бұлттың
жылауықтығы, сиырдың сүзегендігі, есектің өжеттігі, сауысқанның
мылжыңы, түлкінің қулығы және аздап ақжарқындылықты,
жауыздықты, жыланның кекшілдігін қосып, әбден араластырып,
жоғары мәртебеміз көрікті келген әйелге мінез жасайды. Оны
еркектің қолына беріп, оған берген кеңесі: өте сақтықпен ойланып
пайдалансаң, бақытыңды да, мұңыңды да табасың. Сүйенішің де,
күйреуің де соның ішінде.Күшің мен үстемдігіңді пайдалансаң,
мақсатыңа жетесің. Айрылсаң, әйелден жеңілгенің – үстемдіктен
айрылғаның, басыңа шыққаны.
4/XII-2001. г. Шымкент. Больница «Кардиоцентр».
Мухтар Шаханов.
«Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғысханның пенделік
құпиясы)
«Космоформула Карающей памяти»
(Тайна, унесенная Чингизханом).
Роман в поэмах.
Алматы, «білім», 2001
Стр. 190-195. Эпизод осмысления:
IV-2002ж. осы кітап үшін М. Шахановқа Американың Халық
аралық Калифорния Ғылым, Индустрия, Білім және өнер
Академиясы Альберт Эйнштейн атындағы алтын медальмен
марапаттады.
Отырар шаһарының ханы – Қайыр хан. Қайырханның әйелі –
Ақерке. Шаханов поэзиясы тек қазақ әдебиеттің ғана емес, күллі
әлемдік поэзиясының «жаңа белгісі» деп жазды. Романды неміс
тіліне аударған Фридрих Хитцер.
Седьмое чувство
Вот ты и женился.
Я рад за тебя.
Но не только люди –
Даже волки с волчицами
И смешные обезьяны,
Спасаясь от одиночества,
Соединяют судьбы,
Чтобы стать
Верной опорой
Друг другу.
Жениться, как все,
И привести ребёнка
Не требует
Большого ума.
