Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) читать книгу онлайн
Атамыз Алтынбек?лы Са?ынды? 1922 жылы ?ызылорда облысы, Шиелі ауданы, ?азіргі Балаби аулында туыл?ан. ?кесі о?у жасына жетпей-а?, шешесі 1936 ж. кайтыс бол?ан. Балалы? кезі, есею кезінде, ?мірді? таршылы?ын к?п к?рген. ?лы Отан со?ысынны? ардагері, б?кіл ?мірінде о?ытушы – ?стаз бол?ан. Мына о?ып отыр?ан «Бастап кешкен, к?з к?рген»деген атпен т?рбиелік м?ні бар ?нгімелер жина?ын да жаз?ан т?лімгер.
Внимание! Книга может содержать контент только для совершеннолетних. Для несовершеннолетних чтение данного контента СТРОГО ЗАПРЕЩЕНО! Если в книге присутствует наличие пропаганды ЛГБТ и другого, запрещенного контента - просьба написать на почту [email protected] для удаления материала
батырлардың ерлік күресі, жекпе-жегі айтылып, жаумен айқаста
жастығын ала кеткендері айтылып жатпай ма? Әлгі байғұс, кейін
білдік, Санбатқа жетпей-ақ, үні өшіпті. Соқыр ішегі жарылып кетіпті.
Бұл оқ тиіп, бір мүшеден айрылғаннан да жаман азап қой дедік. Ал,
сол жолы екінші бір жолдасымыз, Глухов Александр, менде
80
альбомда бірге түскен суретіміз сақтаулы, белі, белбеулігі тұтас
сыздауық болатын. Бұл сыздауық жарақатқа да, ауруға да жатпайды
екен. Біз көтерген жүкті ол да көтеріп, азап шекті емес пе. Өлмесең,
көре береді екенсің, шыдамағанда не істейсін!
Әдетте соғыстың өз кәшті болады екен. Анау-мынау ауру дегенің
артын қысады: тымау, бас ауру, тіс ауру дегендерің жым болады.
Бұрын тісім аурып, бірнеше тістен айрылғанмен, бүкіл майдан
жылдарында бәрі сап тыйылды. Елге келген соң, қайтадан аурып,
барлық тіспен қоштастым да. Демек, кей ауру уақыт таңдай ма
деймін. Біреулер "ауруға қолым тимей жүр"деген содан қалса керек
деймін өз ойымша.
Түнделетіп келіп, оборонда жатқандарды ауыстыруымыз керек.
Мен штабта телеграф отделениесінің командирімін. Әшейінде
телефон байланысы маған қатысы жоқ сияқты. Мына жағдайда
жаппай кірісеміз. Сонымен, полкқа байланыс тартуымыз керек. 12
адам катушкаларды көтеріп, картаны қолға алып, кабельді тартып
келеміз. Біреулеріміз оны үзілмейтін жағдайын жасап, көметін жерін
көміп, ағашқа ілетін жерін іліп келеміз. Ең соңғы жұмыс Шалқарлық
Алдамжаров екеүмізге тиесілі.Қай кезде де істелінген жұмыста
қателік кемшілік болып жатады. Бірақ соғыс кезіндегі қателік өлімге
соқтырады. Лек-легімен салдаттар алдыңғы шептегі
траншеядағыларды ауыстырып жатқанда, салдаттармен қатарласа
тапкілер де қозғалмасы бар ма? Жау жағы танкі дыбысы естілген
жаққа снарядтарын атқылауда. Бұл бір апатты жағдай болды. Бәрі
де жанталасуда: түн мезгілінде көрінбей, орын-орындарына тұрмақ.
Тартылған байланыс сымын жолды жерден көміп, ілетін жерін
ағаштарға іліп келеміз. Жер қар, күн ала бұлтты. Бір алаңға
келгенде, кабеліміз шолтаң ете қалды, үзілген, снаряд үзді ме, танкі
үзді ме, мәлімсіз. Оның себебін іздейтін біз жоқ. Кабельдің екінші
жағын іздеп, аяғымды сүйрете басып келемін. Орманның бір алаңқай
жері еді. Ай бір көрінеді, бір жасырынады. Жау жағынан гүрсілдеп
зеңбірек даусы шықты. Оның оғынан дауысы бұрын келеді. Жан-
жағымызға барқылдап, гүрсілдеп түсіп жатыр, жарылып жатыр. Бір
кезде менің алдыңғы жағыма 50метрдей жерге бір снаряд зуылдаған
күйі жалп ете қалды. Мен де етпетімнен түстім. Қыбыр етпей
жатырмын.Қасымда Алдамжаров, ол да бүлк етпейді. 10-15
минуттай жаттық. Снаряд айдың жарығымен жарқырап көрініп
жатыр, бірақ жарылмайды. Бізге де жан керек, бір-бірімізге айтып,
кейініректеу жерге жылжыдық. Әлі жарылар емес. Қашанғы
жатамыз, турдық. Ол жерден алыстау айналып, сол бағытпен үзілген
кабельдің екінші ұшын іздеудеміз. Алдымызда бірдеңе селтиіп түр,
келсек, біздің адам.
-
Неғып тұрсың? – Мына кабельдің екінші ұшын сендер
таба алмай ма деп ұстап тұрмын.
-
Неге қимылдамайсың? Біз іздеп таба алмай жүрсек,
дедік.
81
Ол: - қимылдауға оқ тиген жерім ашып тұр, - дейді. Кабельдің ұшын
алып, екінші жағына жалғадық. Осы жерден тым қашық емес жерде
бір блиндажға кідірген екен жолдастарымыз. Бағанағы түсіп жатқан
снарядтар бұларға тап болыпты. Екеуі өлген, үшеуі жарадар болған,
оның біреуі жеңіл жарақат. Қолдарында бар бинттермен байлап
жатыр, біз де бинтімізді бердік. Жеңіл жарадарымыз бізді күтіп алған,
кабельдің екінші ұшып ұстаған адамымыз екен, шешіндірттік.
Киімінен өтіп, арқасына жүгерінің үлкендігіндей бір снаряд
жарықтағы жабысқан, аздап қан да шыққан. Саусақпен түртіп
қалдым, түсіп қалды. Анау оған қайқаң ете қалды. Жайшылықта бір
момақан бос біреу еді. – Осының да жарадар болдым дейсің! – деп,
киімін қайта кигіздік. Енді ана екі жарадарға келейік. Бірінің тізесінің
астындағы аяқты созып, тартатын тарамыс сияқты қан жүрмейтін
жіпшені (сухожилие) кесіп кеткен, қан ағуда, аяғы жиналмайды,
жинауға келмейді.
Екіншісі – менің қарауымдағы телеграфист –морзист Дүйсекенов
Смағұл. Мұның жарақаты ауыр. Шашыраған снаряд осколкасы тие
берген, бұза берген. Қол да, аяқ та сау емес. Тіпті өкшесін жұлып та
кеткен. Штабпен байланысып, дереу көлік жіберуді сұрадық. Келетіп
уақыты болды. Шыдамаған соң, өзім штабқа қарай жолмен тарттым.
Жақындап қалғанымда, бір ағаштың жанынан ат пысқырып
жібергені. Барсам, жіберген көлігі, айдаушысы – Лобанов.
-
Неғып тұрсың? Әдепкіде үндемеді. Жекіре бастадым.
-
Жол таба алмай тұрмын, - деп міңгірледі. Балағаттап
жатырмын. Осындайда аянкес, жаны ашымайтын
безбүйрек болатынын көрдім.
Көлікті алып келіп, жарадарларды жөнелттік. Әлі тапсырма
орындалып біткен жоқ. Біздің байланысшылар полктің саяси
жөніндегі басшысы Қазақстанның Жоғарғы Советінің депутаты бір
қазақ болатын – ды, соған жолыққан екен. Ол сәл кідіріп,
солдаттарды рухтандырып, әңгіме айтып тұрған кезінде, жаудың
снаряды дәл соған тура тиеді. Қаншамасы өледі, жарадар болады.
Сол кісінің планшеткасының ременінің бір еліден қиылып жатқанын
көрдім. Денесін бөлшек – бөлшек болған жерінен теріп алдық. Біздің
де
екі
адамымыз
Бажау(Темір
станциясынан),
Раздевалов(телеграфист еді, Ақтөбеден) өлген. Бажаудың
маңдайынан кіріп кеткен снарядтың жарықшағының үлкендігі
баланың жұдырығындай екен. Миы қызарып көрініп жатыр.
Раздеваловтың аяғы артына қарай қайтарылып, басының астында
жатыр. Қалталарындағы документтерін, адресін алып келіп
тапсырдық. Мұндайларды теріп жерлеуші арнайы адамдар бар,
солар жайғастырар деп, тапсырманы орындауға бет бұрдық. Осы
жерде бір айта кететін нәрсе: байланысшылар жылы киіммен толық
қамтамасыз етілген. Өйткені ол қимылдамай, бір жерде көп
отырады. Жаяу әскерлерде аяқ киім оңды емес. Бағанағы жарадар
жолдастарымызды қамқорлыққа алып жатқанымызда, жаңағы
82
екеудің бірінің аяғындағы валенкиін шешіп алып кетіпті. Қайтсін,
байғұс, аяғы тоңып өліп бара жатқансын. Алдымда біреудің алайын
деп жатқанында, сен осындай болмасыңа көзің жете ме деп, қуып
жіберіп едік.
Осылай әурешелікте жүргенімізде, таң бозарып ата бастады. Әлі
біз алдыңғы шепке жеткеніміз жоқ.
Байланыс сымын тартып келеміз. Бір кезде артымыздан
шанамен ыстық тамақ та келіп жетті. Енді тартар жеріміз қалайда 1
км-дей қалды – ау. Сол бір км. өте қиып жер болып отыр.
Жасырынар орман жоқ, жалаңқы. Адамның өлігі ыбырсып жатыр.
Солдаттың ыдыс – аяғы әр уақытта өзімен бірге: кателок белбеуде
байлаулы, қасық қонышта, сумка арқада.
Шанамен келген сорпа ыстық екен, термосқа құйылған. Шананың
жақтау ағашына отыра кетіп, ішіп отырмын. Нан ыстықтай болған
соң, суықпен қатып қалған, балтамен шауып үлестірді. Бір түйіріп
алып, аузыңа апарсаң, тісіңді қарып кетеді. Дереу қойныңа тыға
қоясың, сәл жібиді, кеміресің де, тағы қойныңа тығасың.
Жау жағынан тағы да гүрсіл басталды, енді снарядтар да көзді
ашып – жұмғанша келеді. Келді де. Бір снаряд мен отырған шананың
қасына түсіп жарылды. Мен міз бақпай, сол отырған күйімде
қалыпты. Сорпамды төгіп аламын ба дедім бе, қайдам? - Жоқ.
Ойлауға шама келмей, сасып қалсам керек. Шанадағы жегулі тұрған
ат жалп ете қалды. Жан тапсырды. Дереу арғы жағымдағы орман
ішіне тасалауға бет алдым.
Міне, өлгенде қыл көпірден өтесіп деуші еді. Сол қыл, көпір
алдымда тұрғандай. Кабельді еңбектеп тартып келемін. Қайда