Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)

На нашем литературном портале можно бесплатно читать книгу Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ), Сагындык Алтынбекула-- . Жанр: Прочая старинная литература. Онлайн библиотека дает возможность прочитать весь текст и даже без регистрации и СМС подтверждения на нашем литературном портале bazaknig.info.
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
Название: Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
Дата добавления: 16 январь 2020
Количество просмотров: 102
Читать онлайн

Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) читать книгу онлайн

Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) - читать бесплатно онлайн , автор Сагындык Алтынбекула

Атамыз Алтынбек?лы Са?ынды? 1922 жылы ?ызылорда облысы, Шиелі ауданы, ?азіргі Балаби аулында туыл?ан. ?кесі о?у жасына жетпей-а?, шешесі 1936 ж. кайтыс бол?ан. Балалы? кезі, есею кезінде, ?мірді? таршылы?ын к?п к?рген. ?лы Отан со?ысынны? ардагері, б?кіл ?мірінде о?ытушы – ?стаз бол?ан. Мына о?ып отыр?ан «Бастап кешкен, к?з к?рген»деген атпен т?рбиелік м?ні бар ?нгімелер жина?ын да жаз?ан т?лімгер.

Внимание! Книга может содержать контент только для совершеннолетних. Для несовершеннолетних чтение данного контента СТРОГО ЗАПРЕЩЕНО! Если в книге присутствует наличие пропаганды ЛГБТ и другого, запрещенного контента - просьба написать на почту [email protected] для удаления материала

1 ... 22 23 24 25 26 27 28 29 30 ... 113 ВПЕРЕД
Перейти на страницу:

басшыларынан хабарды мен бұрын білемін, әрі оны құпия

сақтаймын.Ол үшін әскери анттан да тысқары берген антым бар.

Берген антымды ақтамасам, ешқандай сотсыз-ақ, әскери

трибупалмен ату жазасына кетемін.Сонымен, біздің дивизия жаудың

шебін бұзып, жау тылына кіруі керек. Солай болды да. Майдан шебін

800м. Ендікке ашты да, біз кірген соң, қақпаны жау жағы жауып

алды. Жау тылында 4 партизан отряды және 51СВКОСД. Партизан

отрядындағыларға кездестік. Дивизияның штабы "Триполье" деп

аталатын елді мекенге орналасуы керек деген бұйрық алдық.

Орналасып та жатырмыз. Елді мекен биіктеу жерге орналасқан, жан-

жағы былшылдаған шалшық, балшықты жер. Қырықшақты

беларустардың үйлері екен. Әбден дағдыланған ісіміз: әскери

басшылардың отыратын үйлеріне байланыс тартып жатырмыз. Өзі

қыстың қысқа күні. Әлі бөлмелерге телефон орнай қоймаған.

Командирлер полкпен, артиллерия бөлімшелерімен байланысу үшін

шыдамай, байланыс орталығына біреуі бұқпалап, бірі тасалып, үсті-

үстіне келіп жатырған. Дәл сол кезде осы елді мекеннің батыс

жағында бір бөлек арман болатын. Ара қашықтығы қалайда 1км-ге

жете қоймайды – ау.

Үстін – үсті жан – жақтан атылып жатқан зеңбірек, минометтер.

Бір кезде дәл біздің байланыс торабымыздың терезесінің алдына бір

снаряд келіп жарылды да, тартып жатқан байланыс сымдарын

(кабель) үзін кетті. Сол кезде жаңағы бөлек орман ішінен пулемет

оғы елді мекенге борандай борасын. Бұл – жаудың барлаушылары.

Мұндай жағдай бізге әбден үйреншікті болып кеткен. Әркім өз

75

міндетін біледі, айтқызбастан орындауда. Алпысбайым коммутаторға

сырттан келген байланыс сымдарын жалғауда (Алпысбай – менің

өмірі бірге жүрген жолдасым, ол тұралы арнайы жазамын), мен оған

көмектесіп жүрмін. Коммутаторымыз немістердің қашқан кезінде

қалдырып кеткен он нөмерлі нөмернигі еді. Полк командирлері 01- ді

қос дейді. Әр командирдің жасырын аттары бар. Ол бізге адам атын

атағанмен бірдей 01 – дивизия командирі, 04 – штаб бастығы т. б.

-“Кама”! Мен “Волгамын”, жауап бер? – деп зарлап жатыр. Бұлар

әскери бөлімдердің аттары.

-

Сендер жақтағы не атыс?! - деп тағы сұрайды. Өзіміз

қоршаудамыз, орманның іші. Дегенмен, кімнің қайда орналасқаны

командирге белгілі. “Штабқа жабуыл жасап жатыр!” – деп ,

шындықты айтсаң, құрыдым дей бер. Майданда ең жаман нәрсе –

үрейлену. Сол сөзді айтсаң, бүкіл дивизияны үрейлендіресің.

Жаңағы полк командирлеріне: “Картошка егіп жатырмыз” – деудеміз.

Бұл сөзді олар түсінеді. Мина түскендігін біледі. Аякөздік

Рақымжанов деген менен жасы үлкендеу бір телефонист сол 01 –

дің үйіне байланыс тартып кеткен еді, сол жетіп келіп, 01 – дің 04 –ке

штабты басқа жерге көшіру керектігін айтқан бұйрығын естіп келгенін

хабарлады. Бұл – түс кезі. Байланысшылары ротасының командирі

капитан Кузмин деген кісі болатын. Жаңағы хабарды алысымен,

коммутатордың сымдарын бұрап тарқатпастан, жұлын алды. Жедел

бұйрықтар беруде. Маған терезе алдындағы заземлениелерді

жинауды бұйырды (бұл да немістерден қалған, алып жүруге қолайлы

әрі жеңіл дюреалюминийден жасалған таяқша). Есіктен шығуым мұң

екен, бағанағы бөлек орманнан мен тұрған үйге оқ жаусын.

Мұндайда ойланып жатпайсың, жалп етіп жата кеттім де, кейін қарай

жылжыдым. Бөлмеге енсем, комроты Кузмин құлап жатыр. Қасында

телефон отделениесінің командирі Баймурзин (Қандағаш

станциясынан, ежелгі байланысшы) Кузминнің тізесіндегі қимылдап

тұратын тобыған жаңағы мені көргенде атылған жаудың пулемет оғы

ағаш дуалдан өтіп келіп, жарып кеткен екен. Кузмин маған: - Неходи

туда! Остаешься здесь. Все линии отбери и соедини напрямую.

Потом следуй за нами! – деуге ғана шамасы келді. Жұлып алған

коммутатор – номерникті бір байланысшыға ұстата салды да, маған

бір телефон аппаратын қалдырды. Майданда берілген бұйрық

мүлтіксіз орындалуы керек сөз қайтарсаң, сол жерде тындың дей

бер. Баймурзин қапсағай келген денелі еді, комротаны иығына

асылдыра, бір аяғын аннап- саннап бір тигізіп, сүйрей жөнелді. Осы

сапырылысып жатқан кезде менің көзіме арбакеш Лобанов көрініп

қалды: арбаға атын жеккен, хомуттың бір жағы әлі байланбаған, оны

қолымен қапсыра ұстап барады. Жегілген далалық кухняға (тамақ

пісіретін қазан, көшелерде квас сатып тұратын ыдысқа ұқсаған) оқ

тиіп, екі жағыннан түсте ішеді деген суп болса керек, шаптырып бара

жатыр. Осы жәй күні бүгінде дейін көз алдында тұр. Осы кезде

штабқа шабуыл жасалған барлаушылар да тайып берген екен. Бүкіл

76

елді мекенде менен басқа ешкім қалмаған. Мен болсам, байланыс

сымдарын реттеумен әлек болудамын

Күн батуға айналған кезде, “Уһ!”- деп реттестіріп, жалғастырып

та болдым. Иығымда винтовкам, екінші иығымда телефон аппараты.

Тартылып кеткен байланыс сымы созылып жатыр. Төмен қарай түсе

бергенімде, - Ей, связист! – деген дауыс саңқ ете қалды. Қарасам,

дивизияның артеллерия командирі полковник дәрежесіндегі адам

болатын, сол. Таныдым да, қаққан қазықтай тұра қалып, қолымды

шекеме алып барып:- Я вас слушаюсь! –дедім. Ол менен не

болғанын сұрады. Мен жасырмай, бәрін айттым. – А нука, покажи!

Откуда они стреляли? – деді ол маған. Мен көрсеттім.

Планшеткасын ашып, картаға қарап, сол жерді тауып та алды. Енді

маған: - Соедини меня с моими детьми!- деді.Бәрін жатқа білемін.

Артиллериалық бөлімшілердің бәрін шақырып, сөйлестірдім.

Ол координатын айтып, жау оқ атқан жерге әдепкіде бір –

бірден атқызып, содан соң “залпом!” деп команда берді. Бір бөлек

орман аспанға қөтерілді. Мен қызықтағандай, оның қасында жас

баладай, қарап тұрдым. Ол елді мекенге көтеріліп, жолдың

ортасымен жүріп кетті. Кетерінде маған:- “Не уходи, я приду!”- деді.

Сол кеткеннен әлі кетіп барады деуіме болады. Одан кейін мен оған

кездескенім жоқ. Тағы да әскери бұйрық. Тап жылжымай отыра

бердім. Үстімде шинелім де жоқ, арбада жолдастарыммен бірге

кеткен. Күн батып барады. Отырған жерім ыза. Қарным аш.

Қалтырайын дедім. Штабпен сөйлесіп отырмын. Жүруге

полковниктің бұйрығын ешқайсысы бұза алмайды. Қас қарайды. Мен

болсам жалғызбын. Дуананың асасындай селкілдеуге тура келді.

Телефонмен командир взводым лейтенант Матошин (Гурьевтік,

жақсы кісі еді, қартаң да тартып қалған) отырған жерімді сұрады.

“жақын жерде үй бар ма?”- деп, оған мен 150 метрдей кабель

керектігін айттым. Сонымен, ол кісі маған көмекке Рақымжановты

жібергенін хабарлады. Бір кезде ол да келді. Бір жақын үйге

орналасып, от жағып жылындық. Ол тамақ әзірлеуде. Мен орыс

пешінің үстіне шығып жылынудамын. Денем жылып, ұйықтап

кетіппін. Жолдасым мені оятын, тамақ ішуге шақырды. Көзімді

ашсам, үй іші толған солдат, кілең кір – қожалақ, бүрсең қаққан

біреулер.

- Ай мынауың не?! Мұнда кіргізуге болмайды ғой!- дедім. Сонымен,

оларды шығарып жіберіп, тамақтанып алдық. Рақымжанов маған:

- Сен отыра тұр, жаңағы адасып жүргендердің біреуін қасына алып,

01-дің орналасқан үйіне барып келейін – дері бар емес пе? Мен:-

неге?- деппін ғой.- Келген соң айтамын,- деді де, шығып кетті.

Шамалы уақыттан кейін оралды.

Екі езуі екі құлағында, көңілді. Мінеки деп, оралғандарды қоя

салды. Біз үшін үлкекн олжа екен: конфет, печенье, нан т.б. және бір

шуба (поезда ертеректе старший кондукторлар Кигенін көргенім бар.

77

Кейінде қойшыларға да сондай беруші еді, бұл заманда, әрине ол

қайда?)

Маған ол:- Мен телефон сымын бағана тарта барғанымда, түс

те болып қалған. Сол кезде штаб бастығына шұғыл тапсырма беруде

болатын,- деді. – Шай да өз орнында қалды. Менімен жұмысы да

болмады. Есік алдына шығып, өзі мінетін қара атына, тіпті жайдақ

1 ... 22 23 24 25 26 27 28 29 30 ... 113 ВПЕРЕД
Перейти на страницу:
Рекомендуем к прочтению
Комментариев (0)
название