Заговоренный меч (на каз.яз.)

На нашем литературном портале можно бесплатно читать книгу Заговоренный меч (на каз.яз.), Есенберлин Ильяс-- . Жанр: Историческая проза. Онлайн библиотека дает возможность прочитать весь текст и даже без регистрации и СМС подтверждения на нашем литературном портале bazaknig.info.
Заговоренный меч (на каз.яз.)
Название: Заговоренный меч (на каз.яз.)
Дата добавления: 15 январь 2020
Количество просмотров: 446
Читать онлайн

Заговоренный меч (на каз.яз.) читать книгу онлайн

Заговоренный меч (на каз.яз.) - читать бесплатно онлайн , автор Есенберлин Ильяс
Первая книга трилогии «Кочевники» казахского писателя Ильяса Есенберлина. Это — широкое эпическое полотно, воссоздающее историю казахского народа, начиная с XV века и кончая серединой девятнадцатого столетия.

Внимание! Книга может содержать контент только для совершеннолетних. Для несовершеннолетних чтение данного контента СТРОГО ЗАПРЕЩЕНО! Если в книге присутствует наличие пропаганды ЛГБТ и другого, запрещенного контента - просьба написать на почту [email protected] для удаления материала

1 ... 43 44 45 46 47 48 49 50 51 ... 74 ВПЕРЕД
Перейти на страницу:

Алтын таққа отырып ел билегелі көрінген әмірден, хан, сұлтаннан қауіптеніп құса тартқан Исан-Бұғының кәрі жүрегі, қас жауы Жұныстың келіп жетуіне шыдай алмады. Бір күндерде бүкіл Моғолстанға қожа болған Исан-Бұғы, төсегіне құлағанына бір апта өткен шақта жеті қатыны мен он бес ұл-қызының біреуінің де атын атай алмай, тек «Федосья» деп ерні жыбырлап дүние салды.

Ақсуды шабуға Жаркентте дайындалып жатқан Жұныс сұлтан бұл хабарды естісімен кейін шегінуге бел буды. Күйеу баласы Омар-Шейх мырзаның «келіп қалдық қой, қазір олар ұрысқа дайын емес, хан тағын алуыңызға бұдан артық мезгіл болмайды, шабайық» дегеніне көнбеді. Ханы өліп, қаралы болып жатқан елді шапса, түбі бар халық қарғыс айтып, хан сайламай қоюынан қорықты. Өмір бойы арман еткен тағын енді бөтен жолмен алу керек екенін ұқты. Ол атының басын кейін бұрды. Демек, бұнысы дұрыс болды. Моғол, Жағатай әмірлерінің шешуімен Исан-Бұғының қырқы өтпей, Жұныс сұлтан Моғолстан ханы тағына отырды.

Бүкіл Нарын, Қашқар, Құмнат, Қастек, Сары ұйғыр маңындағы Үйсін, Жалайыр, Ұйғыр, Албан елдерінен өзінің бес жүз атты әскеріне бес мың салт атты сойылгерлерін қосып, Қытайдың қалың жаяу әскерімен қан майданда үш мәртебе кездесіп, ақырында өздерінің шыққан жері — «Қытай қабырғасынан» әрі асыра қуып тастап, Шу бойынан әдік Моғолстан шекарасына екі рет барып қайтты. Сондай-ақ Ойрат қонтайшысы Амансанджиға «байқа, бұл араның Керей, Найманының қорғанышы бар» деп ығай мен сығайдан құрылған бес мың әскерімен қыр көрсетіп еріксіз бітімге көндіріп, Қамбар батыр да Ойрат жерінде екі рет болған. Осындай жағдайда тек Әбілқайыр жағына сескене қараған Жәнібек пен Керей, қазақ хандығының туын көтеріп, енді еркін қимылдай бас- тады.

ІІ

Сырдарияның орта шенінде сол жағасындағы тар алқап пен оң жағасындағы өркештене созылған қарт Қаратауды, оңтүстік-күншығысындағы Бадам, Шыршық өзендерімен шектесіп жатқан сұрғылт өлкені көне заманнан Түркістан деп атаған. Бір жағында Моғолстан, екінші тұсында Мауреннахр, сыртында Дәшті Қыпшақ жері. Кейде арпаған, қияқ, қау шөпті, кейде тек сарған ғана өскен құмайт, ал, кейде тіпті аппақ сор, тақыр дала болып келетін осы өлкені басар, [46] қараған, тобылғы жапқан ат тағасындай иіріле созылып жатқан қылыш тасты нұра, қыз емшекті адыр, төбе, ұшы-қиыры жоқ белестер тілгілеп өткен. Бұл белестер негізінде Тарбағатай, Тянь-Шань, Памир, Алтай, Копет-Даг, Гиндукуш тауларынан басталды.

Осы құмды, құмайтты, қылыш тасты, түкті қабақ жартасты, қияқ шөпті, бозаңды далада көне заманнан, тіпті Шыңғысхан шабуылынан бұрын көп жылдан бері келе жатқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Яссы, Сайрам, Ақрұқ атты көне шаһарлар бар. Бұл мединелердің қасына бірнеше уақ қалалар салынған. Мысалы Яссы шаһарының қасына Мысырдан келген қожалар туған елдерінің үлгісімен Сунақ, Жүйнек, қазақ жерінде алғашқы қорғасын қорытылған, тай еті түгелімен сыятын қырық құлағы бар атақты Мысқазан құйылған, дін кіндігі Қарнақ тұрғызылған. Сондай-ақ Созақтың жанында Шолақ, Саудакент, Сүткент, Едіге мен Жиренше шешен туған Құмкент дихтары орын алған. Бұл қалалар шеті сонау Еділ, Жайық, Қара теңіз, Орал тауларына дейін созылған атам заманнан Дәшті Қыпшақ деп атаған алып қазақ даласының мәдениет, ғылым, дін ошағы және сауда-саттық кіндіктері болған.

Түркістан мен Дәшті Қыпшақ даласының түйіскен алқабын бауырлай, Мойынқұмның күншығыс жағын орап, басын Тянь-Шань тауының құшағындағы Ыстықкөл мен Соң көлден алған, мың шақырымдай құмайт шөлді, тақырлы, биік жартасты сайларды көктей өтіп, қазақтың атақты арналарының бірі — Шу өзені ағады. Оңтүстіктен келетін ең алғашқы тармақтары Теріскей Алатау- дың оңтүстік жақтағы мұзды қойнауынан шығатын Қарақожыр мен Түлін деген ағысы қатты кішкентай тау өзендері. Бұл екі өзен Долан асуынан аса Берік, Нарын ойпатының жоғарғы жағынан құятын. Оттық арнасымен қосылып, мыл- қау құз, пышақ кесті биік шыңдарды қақ жарып, Жуанарық деген атпенен Теріскей Алатаудан өтіп, солтүстікке қарай айбарлана гүрілдеп бет алады. Жуанарық тұсы бір ғажап жер, арасы тар, күңгірт биік жартастар. Ортасында ақ көбік атқан, қазандай-қазандай тастарды түйіршіктей домалатқан арқыраған долы өзен. Суық, ызғарлы сұлулығымен тек ертегілерде ғана кездесетіндей адам баласын таң қалдырарлық бір ғажайып сурет. Осы жал-жал құздар арасынан солтүстік-күншығысқа қарай беттеген Қошқар деген өзенді қосып, Шу Ыстықкөл мен Күтемалды өзені арқылы ұлғайып, етегін жая Күнгей Алатаудың қойнауынан бұрқырай өтіп, солтүстік-күнбатысқа бұрылады. Бұдан кейін Шу Алатауды бөктерлей отырып, қырғыз жерін баса жолай Үлкен Кебін, Кіші Кебін секілді бірнеше өзендерді өзіне қоса, ақырында Мойынқұмның күншығыс жағынан барып шығады. Шу құмға жетісімен күнбатысқа қарай бұрылады. Енді бұрынғыдай емес, ағысы саябырлана түседі. Бөлшектене бастайды. Жағасын қалың қамыс басып, кей жері сорға айналады.

Ақырында Сейхун дариядан бір көш жерде тұратын Саумалкөлге барып құяды. Бұл көлдің күнбатыс жағында бірімен-бірі ұсақ өзендер арқылы жалғасып жатқан бірнеше суы ащылы, тұщылы көлдер бар. Солардың ең үлкені Телікөл. Телікөлге қазақ даласын аралай кеп Сарысу құяды. Кей қарсыз жылдары Сарысу Телікөлге жете алмай, орта жолда Қызылжыңғыл маңайына барып құмға сіңіп жоқ болады.

Шу өзенінің Мойынқұмды көмкере күнбатысқа бұрылатын сағасынан ауыл бес күн көшерлік жерде Көкше теңіз — Балқаш көлі бар. Телікөл айналасы желген атқа бір күндік жер болса, Көкше теңіз аумағын, ұшқан құс екі-үш рет қонбай айналып шыға алмайды. Ұшы-қиыры жоқ дала… Балқаш көліне үлкен бес өзен құяды: Іле, Лепсі, Ақсу, Қаратал, Аякөз. Іле, Лепсі, Ақсу, Қаратал өзендері басын Жоңғар Алатауынан алады да, Аякөз Тарбағатай қойнауынан шығады.

Көне заманда, Қошан патшалығы кезінде, Шу өзені Сырдарияға құйған. Шуға сол жағынан Сарысу, оң жағынан Талас өзені келіп қосылған. Сол заманның өзінде Шудың Сырға құятын сағасында, Талас өзенінің бойында Сығанақ, Тараз; Яссен өзенінің жағасында Отырар қалалары болған.

Исан-Бұғы хан Жәнібек пен Керейге қонысқа Моғолстан мен Түркістанның шекарасында жатқан Шу, Сарысу, Талас өзендерінің жағалауы мен Балқаш көліне келіп құятын Қаратал өзенінің бойын берді. Сөйтіп қазақ рулары бірден Моғолстанның солтүстік, солтүстік-батыс шеті мен Көкше теңіздің Шумен қатарлас тұсына ие болды.

Қарашаның суық желі тұрмай, Жәнібек пен Керейге еріп көшіп келген екі жүз мың жанды қалың ел осы Шу, Сарысу, Таластың Жуанарықтан төменгі солтүстік-батысына қарай созылған жағасына орналасты. Тек Жәнібек сұлтан мен оның балаларының ауылдары, қастарына мың шаңырақ төлеңгіттерін қосып, мұз қата Көкше теңіздің үстімен оңтүстік жағындағы Қаратал өзенінің бойына өтіп, сол тұсқа қыстау салды. Жәнібек сұлтанның бұнысы жер жетпегендіктен емес, әдейі көшу еді. Қаратал өзенінің ар жағында Аякөз өзені бойымен сонау Тарбағатай тауларының Қытай жеріне дейін созылған аймағын тегіс Найман, Керей, Уақ рулары жайлайтын. Қазақ руларының басын қосып жеке хан көтеріп, ел болуды арман еткен Жәнібек сұлтан Найман, Керей, Уақ руларымен іргелес отыруды жөн көрді. Бұнысы дұрыс та боп шықты. Ортаншы ұлы Қамбар батыр алғашқы аттанысында Тарбағатай тауының бойындағы қазақтарға барып қайтқанынан-ақ, Жәнібек сұлтанның қадірі бұл маңайға өсе түскен. Найман, Керей, Уақ рулары Жәнібекке өздерін бағынышты санай бастады. Сөйтіп ел боламыз деген қазақ рулары, осы алғашқы жылы-ақ, бір шеті Телікөлдің төменгі етегі болса, екінші шеті Тарбағатай тауының биік басына дейін құлаш созды. Қазақ елі осы жылы-ақ қанатын екі жаққа кере жайған алып қыранға ұқсай түсті. Жылқысы тебінге, түйесі қарағанға, сарығанға үйренген қазақ ауылдарына қыста қамысы қалың, қары жұқа Шу, Сарысу, Талас, Қаратал өзендері мен Балқаш Саумалкөл, Телікөлден артық қоныс керек емес-ті. Тек қамысында қаптаған қабаны, тым көп болмаса да ара-тұра кездесетін ала шұбар жолбарысы, тарғыл барысы ғана малға қауіпті еді. Бірақ көп кешікпей, аң тәсіліне еті үйренген қазақ жігіттері, бұл қауіптерді де жеңіп алды. Ақыра шапқан жолбарыс, сегіз қырлы сауыт бұзар жебенің көкірегінен барып қадалған қанжар ұшына шыдай алмай жер қаба құлады. Енді қамыстан адам емес аңның өзі қашты.

1 ... 43 44 45 46 47 48 49 50 51 ... 74 ВПЕРЕД
Перейти на страницу:
Комментариев (0)
название